«Хит» туынды болмаса, өнерде қыруар қаржыға кенелу мүмкін еместігін жұлдыздар баяғыда ұғынған. Мәселен, соның бірі - Алуа Қонарова, мектеп ашып, шәкірт тәрибелеп қалтасын қалыңдатып отырған жайы бар.
Алуа Конарова, продюсер
- Өнерге баулып қана қоймай, жастарға ойлануға, креатив танытуға мүмкіндік беретін шеберлік-сағаттарын ұйымдастырамын. Біздің жастар жаңа заманға сай болғанын қалаймын.
Бар білімін бүлдіршіндерге үйретіп, жиған тәжірибесін бизнес көзіне айналдырған, жалғыз Алуа емес. Әнші Қарақат пен Сәкен Майғазиев те сол санатта.
Келісті келбетімен көптің көзіне түскен Айдана болса, сұлулық салонының иегері! Нәзік жандылар үшін, әсемдік қызметтерін ұсынған арудың табысы жаман емес. Мұны, әншінің жары Әлішер айтып қойған еді.
Әлішер Нұржанов – А. Меденованың жұбайы
- Жасыраты жоқ бізде отбасылық бизнес бар. Ал, одан түскен қаржыны жанұямыздың жұмысына жаратамыз. Айдананың шығармашылығы да сол бюджеттің ішінде.
Жұлдызды жұп, Арман мен Аша да, әріптестерінен қалыспақ емес. Бүгінде ерлі-зайыптылар бір-бір киім сататын дүкен ашып алған жайы бар.
Аша Матай, әнші:
- Арманнан әрине кеңес сұраймын себебі, негізі ол саудамен бұрыннан айналысады. Өзінің бутигі болған 10 жыл бұрын. Содан кейін жауып, Мистерионс тобына кетіп қалған ол, және қайтып ашты 1 жыл бұрын.
Сауда-саттықпен айналыспас бұрын, экс-кешьюлік Балжан Бидаш қай бізнестің тізгінін ұстасам деп ұзақ ойланыпты.
Балжан Бидаш, әнші:
-Мен дүкен ашпас бұрын өзімнің ательемді ашамын деп ойладым. Дизайнерский өзімнің атымнан, бірақ оған көп уақыт керек. Мен егер де ол істі бастайтын болсам, әнім шетте қала ма деген ой болды. Сондықтан осылай бастайын дедім.
Әншілік мансап қаражатты көптеп қажет етеді! Шығармашылығымыз тоқырамас үшін, кәсіпкер атанып қосымша табыс тауып, өнерге саламыз дейді бизнесмен жұлдыздар.