«Q-pop» енді демо емес, бұдан-былай ол тұтастай қауымдастық! Ерболат Беделхан, кезекті q-fest қарсаңында әріптестерінің басын қосып, ұйым құратынын мәлімдеді.
Беделханның айтуынша, мұндай серіктестікке өзге продюсерлер қарсылық танытпаған көрінеді. «Келісе пішкен тон келте болмас» дегені шығар.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Тек қана мен істедім деп, мен өзім барлығын жасай бермеймін ғой. Мен ассоцияцияны ашқаннан кейін, мен ашықпын барлығына. Сондықтан да, әр продюсер, әр әртіс өз ойын айтады. Сонымен біз өзімізбен диалог, дискусия құрамыз.
Алайда, неліктен екені белгісіз, «q-pop ханшайымның» продюсері – Ерлан Әлімов бұл жиыннан байқалмады. Ал, фестивальге келер болсақ, онда шетелдік әртістер де төбе көрсетпек екен.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Q-fest-те бұрынғыдан ерекше лайнаптар болады, бұны ашып айта алмаймын. Бұл жолы басқа мемлекеттен адамдар келіп қалады, қызығушылық танытты.
Дегенмен, бұл кештің жарық жұлдыздары сөзсіз «Ninety One» болары мәлім. Ұжымның өзі болса, бұл күндері фестивальден өзге, кәрі құрлықты шарлап, өзге де шет мемлекеттерде концерт өткізуді жоспарлап қойған.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Ұсыныстар түсіп жатыр Россия, ұсыныстар түсіп жатыр Еуропа мемлекеттерінен. Иә, бұйыртса келесі жылы «Тоқсан бір» тобы ретінде шетелге шығып, сол шетелдің аудиториясына өзімізді көрсетеміз. Қызығушылық бар, жақында Индия шықты. Сұхбат бердік.
Одан бөлек, «Ninety One» жігіттерді соло орындаушы қылып шығару да жоспарлануда. Мемберлердің жеке әнші ретіндегі дебютын q-fest-те көріп қалуымыз әбден мүмкін.