Мадина Дәулетқызы, тілші
- Almaty Film Festival – биыл екінші рет шымылдығын түрді. 100 метрге созылған мына қызыл кілемде жұлдыздай жарқырау үшін, өнер өкілдері әбден дайындалған. Мен де, бүгінгі кештің қонағы ретінде дресс-кодқа сай киініп келдім.
Арнаулы жолақ бойымен алғаш болып аталмыш фестивальдің президенті Ақан Сатаевтың өзі жүріп өтті. Режиссер, шараға жұбайы мен ұл-қыздарын ерте келді. Киногердің ізін ала, қызыл кілемде өзге қонақтар легі ағылды.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Айнұр ханым, өте ерекше болып тұрсыз. Образыңыз...
- Космос.
- Космос. Қанша уақыт дайындалдыңыз?
- Шынымды айтсам, мен біраз дайындалдым. Маған көйлек тіктіру керек болатын. Бірақ, өкінішке орай, ол жауапсыздық танытты. Ол маған көйлекті тігіп бермеді. Сондықтан, міне 2-3 күн қалған кезде тез барып көйлек таңдадым.
– Енді, оңай болмаған шығар. Мұнда 100 метр қызыл кілем. Биік аяқ киіммен жүріп өтудің өзі.
- Жоқ, енді бұл қуаныш қой қайта. Жоқ. Ешқандай қиындығы жоқ, жүретін жер 100-ақ метр тамаша. Тамаша көңіл-күйде фанаттармен суретке түсіп.
- Бұл Айнұр Ілиясова.
Осылайша, актрисаның жанкүйерлері сұхбат кезінде де тыныштық бермеді.
Мадина Дәулетқызы, тілші
-Байқағандарыңыздай, қызыл кілемде төбе көрсеткен қонақтарды фестивальдің президенті Ақан Сатав арнайы өзі қарсы алып жатыр.
Аша Матай, әнші, актриса:
– Аша, сіздің образыңызға баға беріп жіберейік.
- Өзім берсем, әрине 100-ден 100 деп айтар едім. Дегенмен, рақметімді стилистіме білдіремін. Көйлекті отырғызу оңай болған жоқ. Себебі, кішкене салмақ қостым дегендей.
- Оның үстіне, мына 100 метр қызыл кілеммен жүріп өту оңай болмаған шығар, сізге қазір.
-Иә, иә. Әсіресе, өзімнің өкшеме байланысты. Өкшем 15 сантиметр. Оңай болған жоқ, дегенмен тірегім Арман болғаннан кейін өттім.
- Қысқасы, бұл қызыл кілеммен сіздер екеу емес, үшеу болып өттіңіздер?
- Иә, үшеу болып өттік. Үшеу болып өттік, оның үстіне Тәуекел Мүслім де бізбен бірге өтті ғой, төртеу болдық.
Есесіне, қызыл кілемдегі кей қонақтар мүлде жалғыз.
Әбунасыр Серіков, актер:
– Бүгінгі қызыл кілемнен жүріп өттіңіз өзіңіз. Фестивальге ұзақ дайындалдыңыз ба? Әлде, 1 күн қалғанда шкафыңызды ашып, не бар соны киіп келдіңіз ба?
- Сөздің шыны керек, жаңа келдім да не бар соны киіп келдім. Себебі, басқа сьемкада болдым.
Назима, әнші:
- Иә, жалпы бұл менің қатысқан алғашқы қызыл кілемім емес. Алайда, солардың ішіндегі ең ауқымдысы осы. Қандай бастама болмасын әрдайым өз халқымды қолдауға дайынмын, Қазақстаннан болғанымды мақтан тұтам. Біздің кино да жоғарғы деңгейде болса екен деймін.
-Ал, енді сізге киноға түсуге шақырту түссе?
- Маған түрлі шақыртулар түсті де. Уақыттың тапшылығынан бас тартуға тура келеді. Алайда болашақта, сәтін салса мені кинодан көріп қалуларыңыз әбден мүмкін.
- Екі сағатқа созылған қызыл кілем салтанаты осымен тәмәм. Ал, мен сөз кезегін фестивальдің ашылуын залдың ішінде тамашалап отырған әріптесім – Нұрсұлтан Есжанға беремін.