- Eurasian Fashion Week in Almaty! Бұл – жас дизайнерлерге жол ашатын алаң! Танымал сәнгерлердің тың топтамалары таныстырылатын шара! Қырғызстан, Украина және отандық дизайнерлер дәл қазір коллекцияларын подиумға шығарады. Ал біз сахна сыртындағы соңғы дайындықты бақылып қайтайық.
Айсара Бисенова, тілші
– Арғы бөлмеде дизайнерелер сәнбикелерді киіндіріп жатса, бергі жақта бояндырып жатыр. Әр модельдің өз образы бар.
Сергей Шабунин, дизайнер:
– Сахананың сыртына шықсам, Сергей Шабуниннің коллекциясы осында екен. Барып көрейік. Ал, мұнда дизайнердің өзін жұмыс барысында таптық. Сергей, сәлематсіз бе! Сізден интервью алып жіберсек, осы жерден. Сіздің коллекцияңызға арқау болған не?
- Коллекциям Мария-Антуанеттаға, оның өмірі мен трагедияға толы тағдырына арнаймын. 18 ғасырдың сәнін қазіргі заманға сай етіп жасап шығардым.
– Көбінесе шоу-бизнес өкілдері және дәулетті адамдар сіздің киімдеріңізді киіп жатады. Соған қарағанда, киімдеріңіз қымбат сияқты ғой?
- Иә. Себебі, біз үшін сапасы маңыздырақ. Ал, сапалы дүние әрдайым қымбат тұрады.
-Ал, сіздің сапаңыз қанша тұрады?
- Әр киімнің бағасы әртүрлі. Мысалы, 40 мыңнан бастап, ары қарай шарықтай береді. Киімдерімнің ішіндегі ең қымбаты 4,5 миллион теңгелік ішік болды.
Бұл кеште, Сергей Шабуниннің көрсетілімі де, киімдерінің бағасына сай болды. Су жаңа топтамасын таныстырған дизайнер, түтіннің көмегімен ерекше шоу ұйымдастырды.
Fashion Week-те ерекше көзге түскеннің тағы бірі – «Hanum Collection». Тамара Асарды сахнаға шығарған сән үйі, қонақтардың қызу талқысына түсті.
Тамара Асар, әнші:
- Жаңа көрдік сіздің ән айтқаныңызды. Бүгінгі образыңыз ерекше. Сол туралы айтып кетсеңіз?
- Бұл образ Ханым Айдаштың бүгінгі шығарған топтамаларының ең шешуші образының бірі. Жалпы, топтаманың аты «Әуен» деп аталады.
– Әдеттегідей сахнада емес, бүгін сән сахнасында ән шырқадыңыз, әсеріңіз қандай?
– Сән сахнасы әдеттегі сахнадан қиынырақ екен. Бұл жерде адам көзін бір нүктеге қойып, бір сызықтың бойымен жүру керек екен. Кәдімгі циркачтардың арқанының үстімен келе жатқандай болдым.
Инди Еділбаева, актриса, әнші:
– Инди, жаңа ғана отандық дизайнерлердің коллекцияларын көрдің. Кімнің топтамасы саған үнады?
- Тамара Асардың сахнаға шығуы ерекше болды. Жалпы бүгінгі топтамалардың барлығы көңілімнен шықты. Украина мен Қырғыз елінің дизайнерлері де креативімен таңқалтты.
Осылайша, Алматы қаласы әкімдігі және Визит Алматы ұйымдастыруымен үш күнге созылған «Eurasian Fashion Week in Almaty» аясында 12 отандық және шетелдік шеберлер топтамасын таныстырып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ, «Models Production» скаут агенттігінің қолдауымен «Fashion for future» - халықаралық жас дизайнерлер конкурсы өз жеңімпаздарын анықтаған еді. Келесі жылы Eurasian Fashion Week аясында өз топтамасын таныстыру мүмкіндігіне бес сәнгер ие болды.