Торонто кинофестивалінің қызықтары жалғасуда! Канаданың алып шаһарына, Мэтт Дэймон мен Кристиан Бэйл табан тіреді. Киносайыста, драйвқа толы «Форд пен Феррари айқасы» атты биографиялық лентаның тұсауы кесілген болатын. «Сен тұр мен атайын» қос киногер, басты рөлдерде.
Арнаулы жолақта актер Мэт Дэймонның жанынан жары - Лучаны Барросо табылды.
Қызыл кілемде көп кідірмей, киногерлер ұжымы премьераның негізгі бөліміне кірісті. Бұл жолы, Бэйл мырза образы үшін сырт-келбетін өзгертіп әуре болмапты.
Кристиан Бэйл, актер:
-Фильмде, образ ғана емес, актерлік шеберлік арқылы кейпікерлердің күйін көрсетуге тырыстық. Жеңіске деген құштарлық, драйв дегендей.
Аталмыш лентаның сюжеті өмірде болған шынайы оқиғаға негізделген. Фильмде әлемге әйгілі «Форд» компаниясы өздерінің көлігімен қарсыласы «Феррариді» 24 сағаттық жарыста жеңбек болады.