Немересін перзентханадан шығару рәсіміне әншінің өнердегі достары неге келмеді?
ШаҺизаданың әр немересі дүние есігін ашқан сәтіне біз куә болғанбыз! Әнші әдетте, өнердегі һәм өмірдегі дос-жаранын түгел шақырып, думандатып қарсы салуды жақсы көретін. Бүгінде, өнер табыстырған үзеңгілестерін күткен еді. Дегенмен, қуанышына ортақтасқандары табылмады.
- Өтірік Шахизада, Шахизада деп осындайда келмей ма деп бәрін айтып берсең да . Көре алмағаннан кейін келмей жатыр, ұятсыздар .
-Инстаграмға арнайы қойдым, кім сыйлайды, кім жақсы көреді, кімнің уақыты бар келеді. Келеді да құттықтайды. Тіпті, үшінші рет әке атанып жатқан жалғыз ұлы Олжастың өзі кешігіп жетті. Әнші, атұстарының бұл қуанышына бағалы көлік сыйлап, сүйіншісін берген екен. Жаңа темір тұлпардың жолда дөңгелегі жарылып, Олжасқа біраз бөгеліп қалуға тура келген. Олжас Байпатшанов, Шахизаданың ұлы
- Дөңгелегім жарылып қалды машинамның. Соны ауыстырып тұрдым далада. Май - май болып, басқа не болады?! Сол дөңгелекті ауыстырып боламын дегенше, сол кеше алған жаңа тұлпар, білмеймін қайдан жарылғанын.
Немересіне, Дияр есімін еншілеткен ШаҺизаданың бұл жолы қобалжуы аса байқалмайды. Сірә, тәжірбиелі әже шақалақ бағып әбден машықталып алғандай.
Шахизада – әнші
-Бір баламмен үшінші немере сыйлап жатыр. Сондай керемет сезім.
Бауыржан Рахымбеков – сазгер, Шахизаданың досы
-Достардың арасында Шәкені қыз әже деп айтамыз. Өйткені, Шәке біраз жасқа келіп қалса да қыздай ғой. Олжас екеуі жолда келе жатқанда, Олжастың қызы ма деп қалады, сондайда бар. Кейде светофорда тұрса жігіттер ырбың-ырбың қағады ғой.
Әншінің ұлы жыл басында, нақтырақ айтсақ ақпанда бірінші некедегі жары – Ләззатпен айырылысып, наурызда – қазіргі жұбайы Шынармен шаңырақ көтерген еді. Олжастың алғашқы жұбайынан Кәусар атты қызы мен Әлиқожа есімді ұлы бар. Шаһизада немерелерімен бір шаңырақ астында тұрмаса да, жиі жүздесетінін айтады. Тіпті, экс-келінімен де сәлемі түзу.
Шахизада – әнші
-Екеуі екі жақта өзім қасыма алып аламын бос кезімде. Қазір нағашы апа-атасына кетті, 1-2 күнде келеміз деп жазып жіберді. Келінім құттықтап жатыр, Ляззатыма рахмет, көңіліңе рахмет! Ең бастысы біз сыйластықтамыз. Өз басым екеуінде жақсы көремін.