Халықаралық Торонто фестивалінде көптен күткен картиналардың тұсауы кесілуде! Соның бірі - Николь Кимдан басты рөлін сомдайтын «The goldfinch» лентасы болды. Шараға Энсел Элгорт, Финн Вулфард, Сара Полсон, Люк Уилсон, қысқасы киногерлер тобы түгелдей қатысты.
Николь Кимдан, әдеттегідей бұл кеште көптің талқысында. Актриса, қызыл кілемге «Chanel» сән үйінің көйлегін киіп келуді жөн санаған. Ал, оның иығына ілген пиджагын, жанкүйерлер Кит Урбанға тиесілі деп болжауда.
Николь Кидман, актриса:
- Кейіпкеріме келер болсам, фильмде мен жас әйел және кейуана образында боламын. Фильмде грим жасап, мені танымастай етіп өзгертті. Бұл рөл өте қиын болды. Десе де, өте қызық.
Еске салсақ, атамыш лента Пулитцер марапатын иемденген, Донна Тарттың романының желісімен таспаланған. Сыншылардың пікірінше, үлкен экранға жол тартқан бестселлер туынды, киноәлемде де табысты болуы тиіс.
Ал, атамыш лентаны отандық көрермен қыркүйектің 19-нан бастап тамашалай алады!