EURASIAN FASHION WEEK IN ALMATY

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнқой сұлулар мен серілердің басын қосып, Нұр-Сұлтанда дүркірете атап өтілген «Eurasian fashion week» енді Алматыда! Үш күнге созылатын сән мерекесінің қарсаңында, жоба ұйымдастырушылары журналистермен жүздесуді жөн көрді. Әсемдік апталығының жағымды жаңалықтары да жоқ емес.

Ирина Байжанова, EURASIAN FASHION WEEK негізін қалаушы:

- Біз жаңа деңгейге шықтық. Eurasian fashion week халықаралық деңгейдегі сән апталығы болып саналады. Сәйкесінше, көрсетілімдер Қазақстанда ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі елдерде ұйымдастырылады.

«Eurasian fashion week»-тің негізгі мақсаты халықты жинап, сән көрсетілімдерін ұйымдастырып қана қоймай, жас дизайнерлерге қол ұшын созу. Бұл орайда, сәнгер, стилист, байер мен fashion фотографтар үшін аталмыш апталық таныстықтар мен тәжірибе алмасуда таптырмас алаң.

Ольга Ким,EURASIAN FASHION WEEK арт-директоры:

- Eurasian fashion week-тің бренд амбассадоры әрі арт-директорымын. Аталмыш апталық алғаш елордада өтті. Меніңше бастамасы жаман емес. Үш күн әп-сәтте өтіп кетті. Алматы қаласында да апталық ойдағыдай өтеді деп үміттенемін.

Одан бөлек, аталмыш апталық сән әлеміне өзіндік үлесін қосып қана қоймай, еліміздегі туризм саласының дамуына септігін тигізбек.

Ақылбек Әлібек, Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Осы «Eurasian fashion week» Алматы шарасы біздің Қазақстанның fashion - индустриясын және fashion- туризмін дамытуға бағытталған. Ең негізгісі біздің қазақстанның жас дизайнерлерін өсіру және де оны танымал ету.

Ал, «Eurasian fashion week in Almaty» 10 мен 12-шы қыркүйек аралығы өз меймандарын құшақ жая, қарсы алмақ.