76-шы рет Венеция кинофестивалі киноәлемдегі ең үздік картинаны анықтады. Он күнге созылған сайыста, бас жүлдеге жиырма картина таласқа түскен болатын. Алайда, жер-жаһаннан жиналған ленталарды, АҚШ-тық «Джокер» шаң қаптырды.
«Джокердің» «Алтын арыстанды» иемденуі киногерлер қауымы үшін күтпеген жайт. Себебі, картина халқаралық дәрежедегі сайыста жеңіске жеткен тұңғыш комикс туынды саналады. Еске салсақ, DS Comics-тың бұл кейіпкері көпшілікке Бэтменнің басты қарсыласы ретінде танымал.
Тод Филлипс, режиссер:
- Ең әуелі фестивальдің қазылар алқасына алғыс айтқым келеді. Одан кейін күллі командама рахмет. Бұл DS Comics-пен бірлескен жемісті жұмыс болды.
«Комикс бұдан былай жеңіл-желпі жанр емес!». Киносыншылардың пікірінше, Джокердің жеңісі арқылы, Венеция кинофестивалі киноны төменгі және жоғарғы дәрежеге бөлуден аулақ болуға шақырғандай.
Ал, айтулы сайыстың «Күміс арыстаны» Роман Поланскийге «Мен айыптаймын» картинасы үшін бұйырды. Алайда, киногер кешке келе алмай, мәртебелі марапатты режиссердің жарына табыстауға тура келді.
Режиссерлік шеберлігі үшін шведтық Рой Андерсон болса, «Шексіздік туралы» лентасымен ерекшеленді.