Тұрмыста да, өнерде де белсенділік танытып жүрген жас ана Жұлдыз өміріндегі маңызды күндерінің бірі – үйлену тойының боларынан еш уақытта үміт үзбепті. Себебі, бұған дейін тек қана АХАЖ бөлімінде некелерін тіркеумен ғана шектелген Айқын, о баста «салтанат міндетті түрде болады» деп уәдесін үйіп-төккен.
Жұлдыз Өмірғали, әнші
- Өзіміз расписались, бірақ үйлену тойын жасамай тұра тұрайық деді. Кейін балаларымызбен жасаймыз деп айтқан болатын...
Отағасы сөзінде тұрса, екі баланың анасы қалыңдық көйлегін киеді.
Жұлдыз Өмірғали, әнші
- Біз той жасамаған болатынбыз. Бірақ, планда бар. Келесі жылы болып қалуы мүмкін.
Сөздің шыны керек, қос ғашықтың жанкүйерлері тойларынан гөрі жұлдызды жұптың дуэтын ерте көретін сыңайлы.
Жұлдыз Өмірғали, әнші
- Аранжировкасы бір әндікі дайын, ол дуэт Айқынмен. Тағы бір әнді сатып алайын деп жатырмыз, өзбек композиторынан.
Бір топтың қыздарына құда түсіп, Айқынмен бажа болған актер Дәурен Айдарқұлов болса сахналасының әрекетін қайталауға асықпайды.
Дәурен Айдарқұлов, актер
- Баян Мақсатқызын мама дейміз, нормально! Өкінішке орай бажам келе алмайды қалды, ну ничего страшного.
Ал, әзілқой жігіттің жары Ақбота Нұрмағамбет болса, түбінде бір тойдың боларына сенеді.
Ақбота Нұрмағамбет, әнші
- Әрине, мен өзімнің бақытты екенімді, бақытты ана, жар екенімді неге көрсетпеске? Неге балаларымның арасында той жасамасқа? Мен ондай жағдайларды қолдаймын.
Болашақта экс-кешьюлықтардың дүркіген тойы бірінен кейін бірі болып жатса таң қалмаңыздар. Мәселен, 5 баламен қалыңдық көйлегін киіп, үйлену тойларын алғаш рет 10 жылдан кейін жасаған Динара Сұлтан сынды. ...