ВЕНЕЦИЯ ҚЫЗЫҚТАРЫ

Сообщить о проблеме с эфиром

Венеция фестивалінің қызықтары жалғасуда! Киносайыстың бұл күні қызыл кілемді жағалаған жанкүйерлер қарасы мол. Жиылған жұртшылықтың басым бөлігі – бойжеткендер. Барлығы да – жас жұлдыз Тимоти Шаламені көруге асық.

Көп күттірмей, арнаулы жолақта жұлдыздың өзі де төбе көрсетті. Айтулы кешке Dior-дың үлгісін таңдаған Тимоти, басқалардан ерекшеленіп қалығысы келгендей.

Тиматидың ізін ала, шараға көп ұзамай оның сүйіктісі актриса және сәнбике Лили-Роуз да келген еді. Еске салсақ, сылқым Джонни Депп пен Ванесса Парадидің қызы. Өмірдегі қос ғашық, «Патша» фильмінде де бірге.

Тимоти Шаламе, актер:

-Тарихи картинада ойнау тіптен қызық. Өмірде болған адамды кинода ойнау үлкен жауапкершілік деп едім. Бұл жоба мен үшін үлкен тәжірибе болды.

Аталмыш лентаның сюжетіне Уильям Шекспирдің драмалары негіз болған. Тарихи картинада Генрих V патшаның өмірі суреттеледі.