Нұрлан Қоянбаев командасымен бірге «Бизнес по казахски» комедиясының төртінші бөлімін Сеулде таспалауда. Жарты ай бұрын Корей еліне аттанған кинопродюсердің туындынысы бұл жолы,жаңа технологиялар жайлы болмақ.
Көз үйренген сол баяғы актерлық құрам және жаңа кейіпкерлер! О, бастан Кореяның ең танымал актрисалары: Сон Хё Гю мен Пак Синхенің біреуі бой көрсетуі тиіс еді. Қоянбаевтің өзі халық арасында арнайы сауалнама жүргізіп, екеуінің бірін таңдамақ болған. Алайда, бұл бикештердің орнын басқа жұлдыздар алмастыратын болды.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Ия, Қазақстандық актерлармен бірге, осы кинода Корей мемлекетінің актерлары да ойнайды. Соның ішінде, үлкен кино әлеміндегі жұлдыз актриса қарбалас түсу мүмкін, бірақ ол екі күннен кейін белгілі болады. Соны күтіп отырмыз... жауабын.
Үш жылдан бері, бір үйдің қыздарындай болып кеткен Гүлнәз бен Дариға, Сеулде бір бөлмені бөліскен көрінеді. Тіпті, жанашыр құрбы, сырлас дос болып кеткен екен.
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Жігіттермен де өте жақсы, бәріміз бір отбасы секілді болып кеттік. Өзіміздің бір-бірімізге жарасатын, әзілдеріміз бар, бір-бірімізді тіпті жарты сөзден түсініп жатамыз.
Дариға Бадыкова төртінші жыл қатарынан көрсетілгелі жатқан комедия, көрерменге жауыр болмайды деп сендірді.
Дариға Бадыкова, актриса:
-Енді жалықтырып алған кезде, олай ойламаймын, себебі бұл кино әр мемлекетте түсіріліп жатыр да. Сол себептен, әр мемлекеттің өзінің мәдениеті бар. Әр персонаждың өзінің бір образға деген подходы бар. Сол себептен жалықтырамыз деп ойламаймын. Қазақстанда тек қана түсірілгенде 4 часть, онда жалықтыру болатын еді.
Корей еліне барып бизнес жасайтын қазақтар жайлы картинада сонымен қатар, Дильназ Ахмадиева және «Ninety one» тобының мүшелері бой көрсетеді. Ал, көрермендер лентаны жаңа жыл қарсаңында тамашалай алмады.