Жылдың ауқымды фестивальдерінің бірі «Алматым-іңкәрім менің» шарасының дайындығы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Бірер күннен кейін, дәл осы сахнада, дәстүрге айналған «Алматым - іңкәрім менің» ретро фестивалі өтеді! Әншілер саундчекке келіп, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Аз ғана уақыт қалған ауқымды шараның дайындығы қызу жүріп жатуы қажет еді. Музыкалық фестивальге отандық жұлдыздармен қатар, ресейлік Наташа Королева, Лайма Вайкуле және Валерий Сюткин сынды жұлдыздар хедлайнер ретінде келеді деп күтілуде.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Менің қолымдағы қағазда әншілердің дайындыққа келу кестесі. Дәл қазір, сағат екіден отыз бес кетті. Жоспар бойынша, Арман мен Ашаның саундчекке шығатын уақыты. Бірақ, жұлдызды жұптың қарасы да көрінбейді.

Дегенмен, бұл жағдай дайындыққа кері әсерін тигізіп жатқан жоқ.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Алмас, фестивальге дайындық қалай болып жатыр?

Алмас Сағымұлы, ұйымдастырушы:

- Негізі, өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, қызу өтіп жатыр.

- Бірақ менің қолымда дайындық кестесі бар, келмеген жұлдыздар да. Егер кешігіп жатса, оларға жаза бола ма?

-Ия, ертең гримерканың ішінде емес, далада ұстайтын боламыз. Ренжімейтин шығар енді.

Ал, талай жыл қатарынан «Алматы – іңкәрім менің» ретро фестивалінің тұрақты жүргізушісі Нағима Есқалиева бар уақытын репетицияға арнауда. Өз ісіне тиянақты қарайтын Халық әртісінің жастарға айтар ақылы бар.

Нағима Есқалиева, ҚР Халық әртісі:

- Енді олардың өз жұмыстары бар, бірақ сценариймен таныс деп сенімді түрде айта аламмын. Дегенмен, жастарға менің айтарым - дайындыққа келу қажет.

«Алматы – іңкәрім менің» шарасы, дәстүрлі түрде бір тақырыпта өрбиді. Бірақ, сюжет желісін шығармашлық топ қатаң құпияда сақтауда.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- 10 минуттық үзіліз жариялаған болатын. Осы уақытта Рауанмен сұхбаттасып алайық.

Рауан Рамазанов, актер:

-Рауан, кешіріңіз мазаласам, ас болсын!

-Келіңіз.

-Рауан дайындық қалай?

-Қазір жұтып алайын. Келетін сәттерді де білесіңздер иә?! Жалпы өздеріңіз көріп жатқандай дайындық өте қызу үстінде өтіп жатыр.

- Осы жылы алғаш рет жүргізуші болып жатыр екенсіз? Әсеріңіз қандай?

-«Алматы моя первая любовь» биыл үлкен бір сюжет ретінде болып жатыр. Сол үлкен бір сюжеттің мен басты ролін сомдаймын.

- Бәрі сәтті өтеді деген ойдамын, рахмет сізге.

- Рахмет келіңіздер! Көріңіздер!