Нтк арнасынан қарашада «Боксер қыз» атты телехикая көрерменге жол тартады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші

-Біз қазір жалдамалы пәтердеміз. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, қуықтай кішкентай пәтердің ішінде телехикая таспаланып жатыр. «Боксшы қыз» деп аталатын сериалды сіздер НТК арнасынан қараша айында көре аласыздар. Жалпы түсірілім жұмыстары қалай жүреді, сериал қалай дүниеге келеді. Мен сіздерге қазір көрсетемін.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші

-Жуырда НТК арнасынан көрсетілетін «Боксерша» телехикаясының бас режиссеры Олжас Нұрбайға келіп отырмын. Дәл қазір түскі ас ішіп отырған жерінен, үстінен түсіп отырмын. Бізге телехикая туралы айтып берсең?

Олжас Нұрбай, режиссер:

- «Боксерша» деген рабочее название. Яғни, атын өзгертеміз. Қазақшаға келтіреміз. «Боксер қыз» деген аса ұнап тұрған жоқ. Сондықтан басқа нұсқаларды іздейміз. Енді, бұл подросток қыз жайлы. 15, 16, 17, 18 жас. Осы төрт жыл бойы болатын, басынан өткен хикаяларды сипаттаймыз. Шешесі алқаш, әкесі түрмеде отыр, көшеде өскен қыз.

- Түсінгенім бойынша, бұл өмірден алынған емес, бірақ актуалды мәселелер қозғалады. Жалпы, қиялдан туындаған кейіпкер.

- Иә.

- Неге, шынайы кәсіпқой боксшы қызды алмадыңдар?

- Бізде себебі, ол өте жақсы сұрақ. Бізде себебі, өте қиын актерлық ойын бар. Бізде ең бастысы, таңдау тұрды. Спортшы қызды аламыз, оның актерский играсы онша емес, немесе актер қызды алып оны боксқа үйретеміз деген. Мен екіншісін таңдадым.

- Сол оңайырақ болды иә?

- Оңайырақ емес, бірақ дұрысырақ дер ем. Себебі, ең бастысы актерский. Ол жақсы ойнап, төбелесе алмай тұрса, драматургия болмаса, өзің жақсы білесің жақсы актерсың ғой, сол болмаса жақсы жеткізе алмай қалады.

- Жаңа ғана телехикаяның рнжиссеры түскі ас ішіп отырған жерінен сұхбат алдық. Ары қарай енді бас кейіпкерге барайық. Ол боянып жатыр екен.

Шұғыла Ешенова, актриса:

– Шұғыла сәлем.

- Саламатсыз ба!

- Қалың қалай?

- Жақсы. Өзіңізде?

- Жақсы. Қалай болып жатыр түсірілім?

- Өте қызық. Жанталасып. Ұнайды.

- Бұл сериалға бас кейіпкер болып қатысып отырсың. Қалай келдің?

- Кастингтен өттім.

- Режиссер Олжастың бірден көңілінен шықтың ба сонда?

- Иә.

- Ойының ұнады?

- Иә. Өйткені бұл рөл жаныма жақын. Ұнадым деп ойлаймын енді.

- Сенің кейіпкерің, ол боксшы қыз, ал сен боксшы қыз емессің, актрисасың. Бокстың іс-әрекеттерін білмейсіңғой. Жаттығудан өттің бе белгілі бір?

- Бұған дейін боксқа қатыспадым да, боксты ұнатпадым да. Осы жерге келіп, боксқа ғашық болдым шынымды айтайын. Ұлдар неге ұнататынын түсіндім. Боксқа бардым, әлі барып жүрмін. Тренировкалар күнде болады.

Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының тәлімгері Шұғыла Ешенова осылайша әп-сәтте спортшы қызға айналдым деп отыр. Жас актриса әрдайым бокстан жаттықтырушы маманның жіті назарында.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші

-Кішкентай ғана пәтерде түсірілім жұмыстары өтіп жатыр. Өздеріңіз көргендей, мұнда актерлар, оператор, режисерлар барлығы ас ішеді, тіпті грим бөлмесі де осы жерде. Сонымен қатар, мұнда шаштараз да бар екен. Жүріңіздер, көрейік. Рұқсат па? Мұнда не болып жатыр. Ассаулаумағалейкум. Мұнда шаштараз ашып алғансыздар ма, түсірілім алаңынын ішінен?

-Иә.

– Қазір режиссер актерлар мен операторларға қалай жұмыс істеу керектігін айтып жатыр. Айта кетейін, мына жалдамалы пәтердің ішінде 20-30 шақты адам жүр. Өте қыпырық, өте ыстық. Жүріңіздер, көрейік.

Дәл осылай, қатал режиссердың басшылығымен күллі түсірілім командасы сапалы өнім әзірлеу үшін аянбай тер төгуде. Қызыққа толы, спорттық тақырыптағы телехикая көп ұзамай НТК арнасынан көрсетілмек. Сондықтан, қапы қалмаңыз!