Нұрғали Нүсіпжанов 82-ге келіп, «күйеу бала» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Махаббат жасқа қарамайды! Нұрғали Нүсіпжанов пен журналист Жадыра Сейдештің шаңырақ көтеруі бұған дәлел. Сексеннің сеңгіріне шыққан халық әртісінің «күйеу жігіт» атануы көпті таңырқатты. Жұлдыздар қауымының да, бұған қатысты айтары бар. Ал, өнер өкілдері арасынан Нұрғали ағамыздың жолын қуғысы келген кім?

Нұрғали Нүсіпжановтың таңдауы 37-жастағы журналист Жадыра Сейдешке түскен. Халық әртісі болашақ жұбайына ақтарыла сұхбат беріп, екеуінің арасындағы махаббат оты сол сәл сәттен маздаса керек. Ал, өнер иесінің бұрынғы жары Айгүлден: Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар атты бес қызы бар.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Серік, Нұрғали ағамыз 82-жасқа келіп, «күйеу жігіт» атанып жатыр. Бұған ойың қандай? Күлдің ғой.

Нұрғали ағамызға тек бақыт тілеймін. Мен тек қана жақсылық тілеймін. Себебі, кезінде Сексенбай, Тоқсанбай дегендер қай жақтан шықты деп ойлайсың мысалға?! Сондықтан, сондай ұрпақтар дүниеге келе берсін. Енді, мықтылардың мықтысы болып тұрған шығар, сондай 82-жаста әл-қуаты болып тұрып, үйленіп жатса.

-Дұрыс айтасың, кезінде Сексенбай, Тоқсанбайлар дүниеге келгенғой. Ал, жалпы өзің сексенге келіп, тоқсанға келіп, бала таптырғанға қалай қарайсың?

Енді, құдай біледі енді.

-Жоқ, жалпы ойың қандай?

– Бірақ, енді білмеймін енді, тірі жүріп жатсақ, Алла беріп жатса тапқанға не жетсін.

– Шыныңды айт. Өзің елестет бірінші. Сексен жастасың.

– Енді, Нұрғали атамдай бола алмайтын шығармын енді. Ол кісі мықтығой, түр бермейді ғой.

-Нұрғали атамыздың отау құрып жатқаны, саған оғаш көрінбеді ғой иә, демек?

– Жоқ. Бірақ бірінші мәәәә деп қалдым, таңқалдым. Ол енді басқа ақсақал болса екен мейлі, мұнда ол кісі енді Нұрғали Нүсіпжанов қой қазақтың. Басында сенбедім, мәәәә деп. Кейін ғана көзім жетті. Мықты, бақытты болсын.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Нұржан, осы маусымдағы ең шулы жаңалықтардың бірі, атамыз үйленіп жатыр, 82-жасқа келіп. Ойың, пікіріңді білсек.

Өте орынды, өте жақсы. Мен естіп қуанып қалдым. Бақтың ертелі кеші жоқ қой, әр адам бақытты болуға лайықты. Өзінің теңін тауып жатса неге үйленбеске? Атамыз бақытты болсын.

- Нұреке, қуаныштымын деп жатырсың. 82-ге келіп тоқал алуға қарсы емессің ғой шамасы?

– Өмір көрсетеді. Енді, келіншегім аман болса, сау болса, сау болсын бір жастықта қартаяйық. Енді әр күн әртүрлі. Әр адамның басына жазған тағдыр әртүрлі. Сондықтан, өмір қалай көрсетеді, солай болады. Егер маған солай бұйыртып тұрса, солай жазған болса барлығы мүмкін.

Шоу-бизнес өкілдері арасынан, жігттер ғана емес, нәзік жандылар да Нұрғали Нүсіпжановтың махаббатын қайтаулауға қарсы емес. Мәселен, 35-ке келген Мақпал Исабекованың жасы өзінен едәуір үлкен азаматқа тұрмысқа шығып қалуы әбден мүмкін.

Мақпал Исабекова, әнші:

– Мақпал?

-Ау?

-Нұрғали атамыз үйленді ғой.

– Естідім көрдім, қуаншытымын.

-Жаңалық қалай саған?

– Негізі былай, дүрліктірген жаңалық сияқты. Бәрі былай ааа, қалай деп. Жақсы жаңалық.

– Керісінші менің ойымша ешкім күткен жоқ.

– Жоқ дүркіреткен жаңалық деймін.

– А таңқалдырған ба. Енді, ойың қандай, Осыншама жасқа келіп, сексен екіге келіп.

– Қойшы секен екі ма?

– Иә. Меніңше, бұл тек бір нәрсенің дәлелі, Махабббат әр жаста да махаббат болып қалады. Оған жас деген бағынбайды да.

– Махаббат жасқа қарамайды, сен осы сөзбен келісесің бе?

-Әрине.

– Сен сонда, Алла қаласа келешектегі жарыңның жасына қармайсың ба?

– Неге олай деген жоқпын ғой. Келісем, это не значит что сама так буду поступать.

– Демек, махаббат жасқа қарамайды, бірақ сен жасқа қарайсың?

-Енді, жүрегім қалап тұрса бір адамды, оның жасы кішкентай бала болмаса, не, как будет интересы?

-Көзқарасы.

– Иә ортақ нәрсе, көзқарастары бір жерден шығып жатса, какая разница сколько лет.

– Жарайды мен де қарсы емеспін.