Сахнада сүрінген рок жұлдызының жігері жаншылған жоқ. Бірден әнін жалғастырып кетті. Ал, Әуелбековаға сұхбат сәтінде күтпеген сауал жолдасаңыз, күлегеш сылқымның сасып қалатыны бар. Сұрақ бұрынғы сүйгені жайлы.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
Басқа сұрақ қойшы!
Тілшілермен тілдесе қалса, тығырыққа жиі тірелетін топтардың бірі – Рензо! Бұл бойзбенд барынша сауатты жауап беруге тырысқанымен, соңында тұтығып қалатыны бар. Әңгіме ән мәтінінің жазылу процесі туралы.
Renzo тобы:
- «Әннің сөзін жазатын Асқар да. Бұл әндерде көбіне Асқардың жүрегінен не өтті, көбіне негізі Асқар туралы» - деп қуып кетсең, иә!
Иә, бұл жігіттермен салмақты түрде сұхбаттасу мүмкін емес.
Renzo тобы:
- Негізі былай ғой... Ол үлкен жұмыс... Негізінде үлкен жұмыс болады!
Тағы бір мәрте талпынып көргенімен, нәтижесі шамалы.
Renzo тобы:
-Иә, біз...
Ал, «Рензоның» құрамына кейін қосылған жігіттің жүйкесіне тиетін сауал, топқа сіңісе алдың ба?
Renzo тобы:
- Жаңадан келдің демеші, брат! Уже бір жарым жыл болды. Қатты жыныма тиеді бар ғой.
Камера алдында қобалжығанымен төрттік тынбай тер төгіп жүр. Күні кеше «Рензо» тобы кезекті тың тректің тұсауын кесті.