Хитмендерді Баян Мақсатқызы неге жатырқап жүр?
«Азия» & «Бақай»:
- Бір-екі адам бар. Аттарын да айтып берейін. Ренжімейтін шығар. Сәлем, қалайсың? - деген кезде. Былай қарап өтіп кетті де. Ал, «Опмай» шыққан кезде: Оо, «Опмай-опмай», «класстастар» дейді де. Қалай болып қалды деймін де? Өзім мен таңғалып қалдым!
Бұл жігіттер екіжүзді жұлдыздардың жұрт алдында атын атап, түсін түстеуге именеді. Бірақ олардың қылықтарын түсіне алмай әлек. Ал, кенеттен шығармашылығы жанданған қос топтың қадамы, керісінше Баян Мақсатқызын таңдандырып жүр.
«Азия» & «Бақай»:
- «Вы что делаете, шалдар? Вы что-то шал болып, взорвали как-то не в тему» – дейді де. Біз енді не істейміз? Как не в тему! Бізді түсінбей тұр да. Сендер тұрдыңдар да, «бах» еткіздіңдер бәрін. Енді солай болды!
Жұмысқа білек сыбана кіріскен хитмендер бұл қарқынды бәсеңдетуге құлықты емес. Дәл қазір үшінші видеоны таспалауға кіріскен. Өмір мен өнердегі өзекті мәселелерді астарлы әзілмен әжуалаған әншілердің кезекті клипі – комедия жанрында!
«Азия» & «Бақай»:
- Біз шынына келгенде барлық проблемаларды айтып, халықтың мұңын шағып жатсақ, халықтың өзі түсінбей қалып жатыр. Ал мына үшінші бейнебаян «шайып жатсыңдар, «қуып жатсыңдар» дегендерге. Яғни, шайған мен қуғанның көкесін енді көрсеткіміз келіп тұр.
Сондай-ақ, биыл «Азия» мен «Бақайдың» құрылғанына тура 15 жыл толады. Мерейтойды ауқымды аудиторияның алдында атап өтуге бекінген қос бойзбенд, күз мезгілінде ерекше шоу ұсынбақ!