«Disney» мен «Pixar» студиясы ұсынған «Ойыншықтар хикаясының» төртінші бөлімі қазақша! Танымал актерлар дыбыстаған анимациялық лента ерекше етіп тұсауын кесті.
Мультфильмді қазақша тәжімалау үшін отандық жұлдыздар жаппай кастингке қатысқан. Алайда Айнұр Ілиясова, Данияр Өтеген сынды өнер иелерінің дубляж жасау шеберлігі өз деңгейінде болмаған.
Данияр Өтеген, «Ринго» тобының әншісі:
- Дубляж жасау, өте қиын. Оның әрбір сәттегі мимикасына сәйкестендіріп жаңағы барлық мәтінді орындап шығу керек.
Есесіне, «Ринголық» серіге аталмыш туындының 3 бірдей саундтрегін орындау бұйырған. Кантри стилінде тұңығш ән шырқауы.
Данияр Өтеген, «Ринго» тобының әншісі:
-Бұл стиль бізде, қатты енді дамымаған. Сондықтан сонысымен қызық болады деп ойлаймын. Былай қарасақ менің алғашқы рет жеке ән айтқаным болады, сондықтан менің бір сөзбен айтқанда дебютіме қош келдіңіздер.
Балалық шақтарында тамашалаған «Ойыншықтар хикаясының» сиквеліне, жұлдыздар өз перзенттерімен бірге келген.
Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:
-Өте күшті жұмыс орындалған деп айтам, өйткені оны, дубляжду емес, ол жаңағы аударуы қандай да. Жаңағы қазақша келтіріп, одан кейін, әдеби қатты ғып, кейбір кезде болады ғой қазақша аударса әдеби қылып жібереде да, мұнда өте көңілді заманауи түрде бір аударма болды да.
Аянды таң қалдырған бір жәйт бар. Ол бір ұжымдағы әріптесі Даниярдың мультфильмге қосқан үлесі хақында мүлде бейхабар болған. Себебі, үзеңгілесі бәрін соңғы сәтке дейін тіпті жақындарынан да құпия ұстаған.
Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:
Ол ұзақ уақыт бойы ешкімге айтпаған болатын. Уайымдаған сияқты да сондай, бұл қалай болады екен, не болады екен. Бірақ енді артынан Астанаға барып қайтып келгеннен кейін, айтамыз да сен Астанада не істеп жүрсің, біз студияда жүргенде деп.
Даниярдың орындауындағы тың тректер жуырда «iTtunes» платформасына жүктеледі. Ал, қызыққа толы «Ойыншықтар хикаясының» қазақша нұсқасына отандық көрермендер бүгіннен бастап баға бере алмақ.