Бірақ, бұл әзілкештің кинодағы алғашқы және соңғы рөлі болмақ. Мұндай шешіміне мардымсыз қаламақы сеп болды ма?
Ресейлік әйгілі әзілкеш Сангаджи Тарбаев Алматыға арнайы ат басын бұрды. Өнер иесі өзі төбе көрсеткен қазақстандық «Я здесь» картинасын таныстыруға келген еді.
Алайда, тұңғыш рет актерлық мамандықтың машақатын тартып көрген сері, бұл салаға қайта жоламастай болған.
Сангаджи Тарбаев, актер:
- Түсірілім барысында жаңа тәжірибе жинадым. Бірақ, өзімді мықты актер санамаймын. Одан бөлек, өзімнің жеке жобаларым да жетерлік. Сондықтан, бұл мен төбе көрсеткен жалғыз картина болуы да мүмкін.
Оның үстіне, Сангаджидің көңілінен қаламақсы шықпаса керек. Режиссер құрбысының қолқасымен киноға түскен ол, «құрғақ қасық ауыз жыртты» - дейді.
Сангаджи Тарбаев, актер:
- Гонорарым өте аз. Аталмыш жоба мен үшін коммерциялық емес. Жол-пұл, күнделікті шығыныма ғана ақша төленді. Тегін жұмыс істедім десе де болады.
Есесіне, лентада детективтің рөлін сомдаған Азиз Бейшеналиевті өз қалтасының қамы емес, киноның кассалық табысы көбірек толғандырады.
Азиз Бишеналиев, актер:
- Қазақстандық көрермен той-комедия көріп үйренген. Олар үшін өзге жанр таңсық болып көрінуі мүмкін. Сондықтан, біздің детективті драма прокатта табысты болады деп айта алмаймын.
Азиздің үмітінен қарағанда, күдігін басым еткен лентаға ғайып болған қалыңдықтың оқиғасы негіз болған. Фильмдегі сүйіктісін жоғалтқан күйеубала - Ғазрет Ержанов.
Ғазрет Ержанов, актер:
- Бұл жердегі жағдай бір отельдің ішінде болады. Ол жігіт үйленбекші болады да, барлығы сол отельге қонады. Әйелі, ата-анасы, жаңағы барлығы.Таңертең тұрған кезде сол жігіт, әйелін комнатадан таба алмай қалады.