Баян Алагөзова, продюсер
- Рэп бірден шоу-бизнесті жарады деп айта алмаймын. Бірақ бұл комерциялық тұрғыда бізге қызық, себебі бұл жанр Қазақстанда қыздар арасында енді дамып келе жатыр. Сондықтан неге байқап көрмеске.
Jamba камбэк жасап, біраз уақыттық үзілістен соң сахнаға қайта оралғанда, Баян Алагөзова оны қанатының астына алғанын хабарлағанды! Тіпті, рэп айтқызып, біраз қанжығамды қампайтамын деп алақан ысқылағаны да есімізде. Тек, Алагөзова берген уәдесінде тұрмапты.
Jamba, әнші:
- Қазір мен, өзім бәрін жасаймын. Қазір сондай көмек жоқ. Енді мен үлкен қызбын. Мен тырысамын және олар маған сондай жағдайды береді. Өзім жасауға. Қазір олар кино түсіреді содан кейін уақыт жоқ.
Jamba «Shine Production»-ның қарамағына келіп, продюсерлермен келісім-шартқа тұрғанымен, оның талаптары түгел орындалып жатқан жоқ деп шағым айтты. Шығармашылығына мүлде көңіл бөлінбегендіктен шама-шарқынша өз «кемесін» өзі сүйретуге тура келген. Абырой болғанда, жанында жәрдемшілері бар. Бикеш, Кирилл Удалов есімді таспагер жігітпен азаматтық некеде тұрады. Бейнебаяндарын таспалауда барынша қолдау көрсететін де күйеуі.
Jamba, әнші:
- Бұл бейнебаянды менің күйеуім түсіреді.Сценарий мен жазам, және менің достарым көмектеседі. Ол тек қана түсіреді. Кейде көмектседі енді қарайды ғой ол, оператор.
Декреттік демалыстан ерекше шабытпен оралған әнші, бірден төрт бейнебаян таспаламақ.
Jamba, әнші:
-Маған қазір баламен қиын емес, өйткені ол үлкен, балабақшаға барады. Мен студияда отырамын, маған менің ата-аналарым көмектеседі.
Ал, Jamba -ның су жаңа бейнебаяны «Байбол» трегіне таспаланып жатыр. Әншінің тың туындысына тыңдармандары жуырда өз бағасын бере алады.