«Сатқын!» Брэд Питт экс-жұбайы Анджелина Джолиді неге айыптады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сатқын!» Бұл Брэд Питтің экс-жұбайына таққан айыбы! Актер Анджелина Джолидің аузында сөз тұрмайды деп налиды! Себебі, олар о баста ажырасу кезеңдерін жеті қат сандықта сақтап, жан баласына тіс жармаймыз деп келіскенді.

Өкінішке орай, Энджи берген сертінде тұра алмады! Әлемдік БАҚ алдында отбасының ойраны шыққанын айтып, мұңын шаққанды. Бұрынғы жарының бұл қылығына Питт әлі өкпелі.

Ал, Гарри ханзада Дженнифер Энистонға ессіз ғашық болғаны соншалық, актрисаның кез-келген шалыс қылығына кешіріммен қарар еді. Әттең, патша әулетінің білдей бір өкілі бола тұра Дженнифердің назарын өзіне аудара алмаған. Сән журналының мұқабасынан сылқымның бейнесін көріп, құлай сүйіп қалған ханзаданың жәй-күйін белгілі жазушы Ян Гальперин өз кітабында баяндайды.

Дженнифер Энистонның патшайым атанудан бас тартуына бір ғана себеп болған. Ол актрисаның Гарридан бақандай 16 жас үлкендігі.

Брэдли Купер «Қорқыныш саябағы» фильмінің басты кейіпкері атанды. Серіге режиссер Гильермо Дель Тороның су жаңа картинасында бой көрсетуге ұсыныс түскен.

«Жұлдыз дүниеге келді» туындысынан кейін атағы асқақтаған Куперге, Леонардо ДиКаприоның өзі бәскелес атанған еді. Қос талантты актердің біріне таңдау түскен жаңа жоба циркте қызмет ететін алаяқтың оқиғасын суреттейді.