Мадина Дәулетқызы, тілші:
«Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі жұлдыздарды қызыл кілемге жинауда! Ең сәнді, ең ерекше және ең сәтсіз образ кімге тиесілі?
Жұлдыз жауған күн! Қызыл кімге толассыз келіп жатқан танымалдардың арасында ерекше жарқырағаны - Кәмшат Жолдыбаева! Сылқымға «Тұмар патшайым» шалқар шабыт сыйласа керек.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
- «Бүгінгі Star of Asia» - мен осындай ханшайым образында келдім. Бұл образды біз Берік Исмаиловпен дайындадық. Ал, енді бұның барлығын дайындап шығуға қанша уақыт кетті? – Екі апта.
«EQ» тобы:
- Қызыл кілем туралы ұмытып кетіппіз, выступлениені ойлап, қалай шығамыз деп. Кеше есімізге түсті, мә ертең қызыл палас деп. Шкафты ақтарып, ішінде даже ұмытып қалған киімдерді тауып, 1 сағат жарымның ішінде осындай образ таптық.
«Азия» және «Бақай» тобы:
– Киімдеріңізге қарасам, өте ерекше, жалтыр-жұлтыр. Образдарыңыз туралы айтып кетсеңіз.
– Образдарды, Илай Дегляев деген дизайнер, жас жігіт. Шатаспасам, сіз айтып жатқан Илай, бір сұлулық конкурсына қатысып, желіні шулатқан еді.
- Иә, Арина болып па. Ең қызығы, біз білген жоқпыз. Ол да айтқан жоқ
«Азия» мен «Бақайлықтардың» ізін ала, қызыл кілемде «Наунти уандық» мемберлер төбе көрсетті. Әтеттегідей, образдары сән сыншыларына біразға дейін азық.
«Ninety one» тобы:
– Қанша уақыт дайындалды?
– Шынымды айтсам, бүгін 1 күннің ішінде. – Жаңа ғана.
-Өте қызық. – Иә.
- Алдын-ала дайындалған кезде, дәл сол күні көңіл-күйің қандай болатынын білмейсің. Ал, біз негізі сол көңіл күйге байланысты киінгенді жақсы көреміз.
Мемберлер айтпақшы, жұлдыздардың киген киіміне қарап, көңіл-күйді анықтар болсақ, Динара Сұлтан мен Мәдина Сәдуқасова «сөзсіз» бақытты!
Түркия елінен арнайы келген Джем Белеви де, шараға аса ыждаһаттылықпен әзірлендім деп, ағынан жарылды.
Cem Belevi, әнші (Түркия):
-Кешке ұзақ дайындалдыңыз ба?
- Ерекше әзірлендім. Азияның жұлдыздары жиналатын концерт болған соң, арнайы «жұлдызға» толы костюм киіп келдім.
Ал, «Ұлы дала баласы» Алматыға деген шексіз махаббатын білдіргісі келгендей.
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Бүгінгі костюмыңыздан, Алматыны байқап тұрмын. Өте ерекше. Камила Курбани маманның дайындауымен. Арнайы «Star of Asia 2019»-ға жасалған.
Қызыл кілемнің «ең үздік жұбы» аталымы – ресейлік музыкант Мот пен оның асыл жары Марияға тиесілі.
Мот және Мария Мельникова:
- Сіздің мойныңыздан «Мот» жазуы бар әшекей байқап тұрмын. - Иә, бұл менің бойтұмарым, мені әрдайым қорғап жүреді. Қысқаша айтқанда, күйеуім әрдайым жанымда.
Назима, әнші:
-Назима, қалыңыз қалай? Рахмет! Бүгін шақырғанына рахмет «Star of Asia»-ға, көңіл-күйім керемет. – Енді, сіздің образыңызға келетін болсақ, өте ерекше, кім дизайнер?
– Негізі, менің диазйнер, стилистім Алина Герман деген Ресейде тұрады. Тек қана менімен ғана емес, Блэк Стармен және Леди Гагамен, сондай артистермен істейді. – Яғни, Леди Гаганы киіндірген диазйнер сізді киіндіріп отыр. – Иә. И Джони Деп. – Леди гага, Джони Деп және біздің қазақтың Назимасы. – Иә.
Осылайша қызыл кілемде көзге түсу үшін, барын салған жұлдыздар, «Star of Asia»-ның сахнасына қарай бет алды.