Таяуда ғана тұсауы кесілген K-pop тобы әйгілі ұжымды шаң қаптырмақ па? Найти уандық Айспен бірге оқыған, K-pop тобының мүшесі, мембермен бірнеше жылдан кейін кездесті!
Бірер ай бұрын тұсауы кесілген «Newkidd» тобы гастрольдік сапарларын бастап кетті. Қазақстанға тұңғыш ат басын бұрған бойзбенд 6 жігіттен құралған.
Жігіттерге қойылған талап қатаң! Топ құрылмай тұрып, екі жыл бойына шеберліктерін шыңдаған жігіттер уақыттарының басым бөлігін нақты іспен шұғылдануға жұмсайды. Кәсіби вокал, би мен қатар актерлық қырларын да үнемі пысықтап отырады.
Newkidd тобы:
-Жанкүйерлер армиясын жасақтау үшін, оларды әртіспен алдын ала таныстыру керек. Біз сахнаға шықпас бұрын 1 жылдан аса өзімізді жарнамаладық.
«Kazakhstan k-pop generation» ұйымының қолдауымен келген мемберлердің,
ең кенжесі 16 жаста болса, үлкені 25-тен асқан. Жігіттер жас айырмашылықтарына қарамастан тез тіл табыса алдық дейді.
Newkidd тобы:
- Топ болған соң бізге бар уақытымызды бірге өткізу қажет. Сондықтан, тіпті дайындықтан бос уақытта да бірге қыдырамыз. Бір команда емес, жанұя сияқты болып кеттік.
Топ лидері Хансоль «Ninety one» тобының мүшесі Эйстың байырғы досы. Кезінде Корей елінде бір шаңырақ астында тұрып, қоян-қолтық араласқан. Араға төрт жыл салып, кеше екеуі Алматыда қайта қауышыпты.
Newkidd тобы:
- «Ninety one» тобының мүшесі Эйспен біз бірге шыңдалдық. Енді Эйс менің өнердегі ағам, жол нұсқаушым болды. Біз тобын көргенімізге қатты қуаныштымыз.
Корейлік бойзбендті қазақстандық тыңдармандар да жылы қарсы алды. Жігіттер алдағы уақытта жеке концерт беру үшін қайта оралуға ниетті.