Сылқым кезекті рейтингтің көшін бастады.
Селена Гомес хайп қуса, оған бүтін бір команданы жұмылдырып, әр қадамын аңдап басады! Мүлт кетсе, тыңдармандарын былай қойғанда, инстаграмдағы 152 миллион фолловері «түтіп жеп» қоятынын жақсы біледі. Әйткенменде, дәл сол оқырмандары бүгін сылқымды тағы бір рейтингтің көш басына шығарды.
Бикештің юзерлері ең белсенді деп танылған. Себебі, әрбір постына 4 миллион 600 мың адам лайк басады екен.
Ал, екінші сатыға Кайли Дженнер жайғасқан! Жеке парақшасына 137 миллион адам жазылған сәнбикеге орта есеппен 3 миллион 600 мың жүрекше сыйланады екен.
Фолловерлері саны жағынан Криштиану Роналдуға тең келер жан әзірге табылмай тұр! 170 миллион адам аяқ доп шеберінің әрбір постын жіті қадағалап отырады. Дегенмен, оның тек 2 миллион 800 мыңы ғана лайк қояды екен.
Отандық жұлдыздар арасында ең оқырманы көп Ерке Есмахан саналады. Сылқымның 3 миллион 800 мың юзерінің тек 40-50 мыңдайы ғана белсенділік танысып, жүрекшелерін аяп қалмайды.
Ал, 3 миллион 600 мың оқырманы бар Баян Алагөзованың лайктары 20-30 мыңнан аспайды. Есесіне, үш жарым миллион аудиториясы бар «Юфрейм»-нің әр посты 300 мыңға дейін лайк жинайды.