Дана Кентай өнердегі әпкесін қайталап, су жаңа бейнебаян таспалауда. Әнші де кезекті туындысын қазақ жігітіне арнауды өзіне міндет санапты.
Дана Кентай, әнші:
- Осы біздің әнде соның барлығы қозғалады, шетел жігіті «I love you» деді, орыс жігіті «Я тебя люблю» деді. Бірақ мен, «сүйем сені» деген қазағымды таңдаймын деген тақырып. Өмірде де сондай болды менде, қаншама хаттар келіп жатады.
Қоғамда жауыр болған, аралас неке тақырыбын туындысына арқау еткен Дананың жүрегі қашан да қазақты қалайды. Тіпті, өнер иесі «өзге ұлт өкілінің асыл жары атанғанша, қара домалақ қандас жігіттің тоқалы болғаным артық» деген ұстанымда.
Дана Кентай, әнші:
- Қазір қытайға кетіп жатқан, түрікке кетіп жатқан қандастарымыз өте көп. Не болса да, тоқал болса да өзіміздің қазаққа тисін деп жатады. Сондықтан, ол да дұрыс шығар.
Алайда, артынан шырақ алып түссе де, Дананың жүрегін жаулаған жан әзірге табылмай тұр.