Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараның биылғы хедлайнері -«Джонас Бразерс» тобы.
Сахнаға қайта оралған ағайынды жігіттер, «Уэмбли» стадионын лық толтырды. 90 мыңға жуық халық жиналған концертте Джонастар өздерінің хит тректерін орындаған.
Әсем әуендерімен танылған Холзи да фестивальдің қадірлі қоңағы. Соңғы уақытта атағы күллі әлемге шыққан жас әнші толық бір альбомындағы әндерді шырқады. Табынушылар Холзимен қатар рэпер Халид, «Maroon 5» және Рита Ораның өнерін тамашалады.
Талантты музыканттармен қатар жас әншілерге де мүмкіндік беретін «Summertime Ball» фестивалінен түскен қаражат қайырылымдыққа жұмсалады. Таң қылаң бергеннен күн батқанға дейін созылатын концерттің нүктесін екінші жыл қатарынан диджей Кельвин Харриске қою бұйырған.