Ал, атышулы бикештің сүйіктісін сомдаған актердың қалтасы қаншалықты қалыңдады?
Айжан Байзақова ақ келін атанды! Өткен аптада дәл осындай қауесет желіде желдей ескен еді. Бір қарағанда жүзі бал-бұл жанған бикештің бақыттан басы айналғанын аңғармау мүмкін емес. Алайда, бұл кезекті түсірілім. Десек те, жұрт назарын аудару үшін, хайптың құлы атанған сылқымның өмір жолындағы мақсатын айқындап көрдік.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
- Ақ келін Айжан дәл қазір менің қасымда. Негізі сенің шынайы тойың қашан болады?
Айжан Байзақова, блогер:
- Шынымды айтсам, менің өмірде тұрмыс құру жоспарымда жоқ. Егер тойым болған жағдайда жаныма жақын 5 адамның ғана ортасында атап өтемін. Ол қуанышты күн тек шет елде тойланады!
Халықты дүрліктірген Айжанның некесіз туған баласы бар. Ал, мына азамат өзінің отбасы бола тұра оңай жолмен келетін ақшаны қалтасына басу үшін, қара пиарды қару еткен Байзақованың күйеу жігітін сомдауға келісіпті.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
- Гонорар алдыңыз ғой? Гонорарға жұмыс істеп жатырсыз?
Ерлан Артықбаев, күйеу жігіт:
- Әлі алған жоқпыз. Иә, гонорарға әрине!
Жұртты даурықтырған хайп патиде вайнерлер де бой көрсетті. Әуелде Айжанның ақ келін атанатынын естігенде аң-таң болған Жека, соңғы шешімнен соң сылқымнан әлі дәмәлі екенін жасырмайды.
Жека «Fatbelly», вайнер:
- Есесіне бәрі жақсы болды! Мүмкін әлі үйленіп кетерміз.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
- Көпшілік сені күйеу бала деп айтып жүр. Айжан Байзақоваға қосып. Шыныңды айтшы осы жолы!
Жека «Fatbelly», вайнер:
- Бәрі мүмкін!
Иә, «Хайптар» эстафетасы Нағимушаға табысталған секілді.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
-Бүгін сізге гүл бұйырыпты. Сіздің тойыңыз қашан? Жоспарда бар ма?
Нағимуша, вайнер:
- Әзірше жоспарымда жоқ. Өйткені, басым бос!
Атың шықпаса жер өртенің күйін кешкендер, арзан атақ үшін түрлі қадамға барудан тайынбай келеді. Бірақ жеңіл жарнаманың ғұмыры ұзаққа бармасы анық! Өйткені, хайпқұмар – соңында тайып құлар!