«Оскар иегері» көмекке зәру жандардың күйін күйттеп жүр. БҰҰ-ның ерікті елшісі ретінде, актриса Колумбияның президенті Иван Дукемен кездесіп, Венесуэла шекарасындағы босқындар лагерін аралап қайтты.
Халықпен жүздесуде, Анджелина әрбір тұрғынның өтінішін жіті тыңдап, қолынан келгенінін аямайтынын жеткізді. Тіпті, актриса балақайлармен ойнап, ән шырқауға да уақыт таба білді.
Бүгінде саяси және гумантитарлық күйзеліс салдарынан 1,5 миллион венесуэлдықтар Колумбияны паналауда. Мұндағы босқындар саны, күн санап артып жатыр.
Анджелина Джоли, актриса:
- Халықаралық қоғамдастық жедел түрде Колумбия, Перу мен Эквадорға көмек көрсетуі тиіс деген шешімге келдік. Дәл осы мемлекеттер, күйзелістің ауырлығын сезінуде.
Сондай-ақ, актриса венесуэлалық балалардың азаматтық мәселесін шешуді ұсынды. Ол үшін Анджелина Колумбия президентінен көмек сұрауда.