Сахна төрінде жарқырап,көптің құрметіне бөленіп жүргендерге бұл тіркес жиі бағытталады. Тек өнерпаздардың өздері болмысында мың түрлі кемшіліктің барын айтып, ол үшін қуыстанатын сәттері аз емес. Мәселен, Кентал осы күнге дейін таспалаған бейнебаяндары үшін ұялады.
Кентал, әнші:
- Әр адамда комплекстар бар деп ойлаймын. Ол өнердегі комплекс. Мысалы мен ақшаға мысалы, дүниеге қызғанбаймын бірақ, бір өнер жағынан кішкене комплекстарым бар. Мысалы әнге, сөзге деген, клипке деген сондай комплекcтарымыз бар.
Кенталдың пікірінше сәтсіз шыққан әндері басым! Дегенмен, олқылықтың орнын толтыру жолында жұмыс істеп келеді. Ал, Айри қысқа киюден қысылады. Бірақ, продюсері талап еткен соң, ашық киінуге тура келетін көрінеді.
Ayree, әнші:
Әрине комплекс бар. Например бүгін мен осындай шорты киіп келдім, осындай шортымен келдім. Оны көрсетпеу үшін ия қысқа енді осылай бомберіммен жауып тұрмын. Жалпы осындай кішігірім комплекстар бар. Енді ол тәрбиеге байланысты.
Дидар Кәденнің де болмысында өзі жаратпас тұстары жетерлік! «Тым арық, әрі ұзын болғаным үшін қысыламын», - дейді сері.
Дидар Кәден, әнші:
- Менде комплекс көп шыны керек. Менің салмағыма байланысты комлекс көп, менің бойыма байланысты комплекс көп. Менде ең басты комплекс, көбінісінің ең басынан бастап аузында жүрген нәрсе ол анасының баласы, анасының арқасында. Оның барлығы мен үшін керісінше бір күш береді.