Ал, өткен аптада ғана үлкен экрандарға жол тартқан «Диснейлік» «Аладдин» картинасы отандық прокатта үздік атанды. Уилл Смит басты ролдің бірін сомдаған мюзикл, «Оскар» марапатын еншілеген түпнұсқаның өзін басып озуға ниетті.
Режиссер Гай Ричи ұсынған ремейк өткен уик-эндте 157 млн теңгеден аса қаржы жинаған. Ханшайым Жасминге ғашық болатын, тазша бала Аладдиннің оқиғасы көрерменді сағындырғаны анық. Лента жаһандық айналымда да бірінші орынға жайғасқан.
Ал, жаңа хикаямен оралған «Үй жануарларының құпия өмірі» анимациялық туындысы екінші сатыда.
Қызыққа толы мультфильм, қоржынын 97 млн-ға жуық пайдамен толтырды. АҚШ, Франция және Жапон елдері бірігіп түсірген отбасылық лента, үй жануарларының иесіне жеткізе алмайтын сырларын көрсетеді.
Үздік үштікті, Покемон жұлдызы – Детектив Пикачу түйіндейді. Актер Райан Рейнольдс дыбыстаған картина, 66 млн теңге кіріс көрді.
1996 жылы Сатоси Тадзиридің авторлығымен пайда болған аниме кейіпкерлері жайлы су жаңа лента, 21 жастағы Тима есімді баланың бастан кешкен шытырман оқиғаны баяндайды. Ол жоғалып кеткен әкесін іздеуге аттанады. Ал бұл лентада бозбалаға Покемон қаһармандары көмекке келмек