Ал, Дженнифер Лопестің тыңдармандарын қуантуға мүлдем уақыты тапшы. Сүйіктісінен үйленуге ұсыныс алған бикеш, бірден тойдың қамына кірісті. Төртінші рет тұрмысқа шыққалы жатса да, сылқым салтанатты кеш үшін 15 миллион доллар жұмсауды көздейді.
16 караттық неке жүзігін сыйлап, жүрегін ұсынған бейсболшы Алекс Родригес қалыңдығына ұлан-асыр той жасауға уәде еткен-ді. Жігіттік сөзінде тұрып, аста-төк салтанат ұйымдастыруға кірісті. Жұлдызды жұп айтулы күндерін Багам аралдарында өткізеді. Джей Ло болса, ақ көйлегін тігуді «Valentino» брендіне сеніп тапсырыпты. Қос ғашық - 50 мың долларлық тортқа тапсырыс беріп үлгерген. Ал, бұл патидің жалпы шығыны – 15 миллион көк қағазды құрамақ.
Ариане Гранденің хәлі мүшкіл. «Sweetener World Tour» атты жаңа үнтаспасын қолдауға бағылтталған әлемдік турнесінде тым көп жұмыс жасап қойса керек. Сылқымның денсаулығы сыр берген. Енді, дәрігерлер бикешке біраз дамылда деп кеңес айтыпты. Мамандардың сөзіне құлақ асқан әнші бірнеше концертін кейінге шегеріп тастады.
Джордж Клуни өзінің табынушыларына таптырмас мүмкіндік сыйламақ. Актер жұбайы Амальмен бірге қайырылымдылық шарасын ұйымдастырды. Жұлдызды жұп осы ауқымды істе өздеріне қолдау көрсеткен жанкүйерлерінің бірін үйлеріне қонаққа шақырады.
Джордж Клуни, актер:
- Сәлем! Мен Джорд Клунимын! Ойлаңызшы сіз, менің жұбайым Амальмен кешкі ас ішесіз, ал мен тыныш қана қызмет көрсетемін!