Кэти Перри де «Биллборд» тізімінен табылуға құлықты! Ұзақ үнсіздігін үзген әнші, таусыла тосқан табынушыларына бір жаңалығын әзірлеп жатыр. Шаңырақ көтеріп, ақ көйлек киюге даярланамын деп сылқым шығарамшылығын ысырып қойған-ды.
Бірер ай бұрын сүйіктісі Орландо Блумнан отау құруға ұсыныс алған Кэтти, салтанатты кешке қызу әзірлікті бастап та кетті. 3 жыл бойы бірнеше рет айрылысып, қайта татуласқан ғашықтар заңды некелерін таяуда қидырады. Сол маңызды мерекесі алдында жаңа әнінің тұсауын да кесіп үлгермек.
«Never Really Over» композициясын жарыққа шығаруды көздейді сылқым. 31-ші мамырда тыңдарманына жол тартатын туындыға Перри, бейнебаян да таспалаймын деп уәде берді.