Түр-келбет өзінікі, дауыс өзгенікі! Бүгінде «Рахат Лукумның» жаңа құрамындағы қыздар дәл осылай нәпақасын тауып жүр. Мұндай қулықты іске асырған – продюсер Көкеев» - депті, ұжымның экс-әншісі. Бұл жаңалықты естіген отандық шоу-бизнестегі топтар да тығырыққа тірелуде...
«Рахат-Лукум» - отандық эстрадағы тұңғыш гелзбенд. Алғашқыда қос Ксения, Юлия, Дана және Ленара есімді сылқымдар ән салған құрам, осы уақытқа дейін сан мәрте өзгерді. Қазіргі таңда жоба жаңа әншілермен жасақталған. Бірақ әйгілі топтың іргетасын қалағандар, өздері түлеп ұшқан ұжымның бүгінгі шығармашылығынан бейхабар.
Ксения Сухомазова, «Рахат Лукум» тобының экс-әншісі:
- Қазіргі «Рахат Лукумның» сахнадағы өнерін әлі көрген жоқпын. Ұжымның бар екенін ғана естігенмін. Біріншіден, олардың вокалдық қабілетін тыңдап көру керек. Қалай болғанда да музыкалық жоба ғой.
Иә, көпшілік Көкеевтің жетекшілігіндегі жаңа құрамның вокалдық қабілетіне күмәнмен қарауда. Өйткені, сыртқы келбеті келісті қыздар, өзгенің дауысымен ән салады деген ақпарат таратты, аталған ұжымның экс-мүшесі. Ел алдында қитұрқы әрекеті әшкереленген Ерланға, әріптестері ренжулі.
Ғабит Бибасы – «Melo’Men» тобының әншісі:
- Біреудің даусымен шығып, өлең айту деген... Білмеймін біздің эстрадамызда кім қолданып жүргенін. Кім қолданса да эстраданың, қазақтың әнінің, мәдениеттің төмендеуіне, құлдырауына септігін тигізіп жатқан әнші деп білеміз. Қалай ол біреудің даусымен сен айтып шығасың?
Ал, «Ринголықтар» әрбір әннің партиясын теңдей төртке бөледі. Дауыс та өздерінікі. Бірақ «Рахат-Лукум» тобының таңдаған тәсілі де таңсық емес.
Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:
- Естіп жатамын. Көп жерде былай болады да: біреуі ғана айтады. Қалғандары бірігіп қана айтады да, былай жеке өзі айтпайды. Бір адам нақты. Оған жараса ма, келісе ме. Жоқ, сол ғана айтады дегендей.
Айтпақшы, «Арнаудың» дәл осы клипінде ән салған Хамитова десеңіз, қателескеніңіз. Жуырда ғана Жанардың партиясын Динара Сұлтанның орындағаны анықталды. Бұл жағдайдан әннің авторы да хабарсыз екен.
Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:
- Әу демейтін қазақ жоқ. Сахна емес, қалаған отырыста әу деп жібер дейді. Сол кезде білініп қалады ғой ол. Сондықтан бізде бірінші рет естідім жаңағы Динара айтты деген де. Мен өзім Жанар айтты деп жүрмін ғой.
Бірақ Жанардың әнге деген құлшынысы бәсеңсімепті. Таяуда ғана 11 жылдық үзіліскен кейін, өнерпаздар ортасына ол қайта оралды!