Нұрлан Батыровтың көптен күткен «Безумная женщина» фильмі көрерменмен қауышуға әзір. Алайда, Айжан Байзақованың кесірінен, картинаны таспалауда түрлі қиындықтар туындаған көрінеді. Ару тағы не бүлдірді? Жауабын Мәдина Дәулетқызы біліп көрді.
Мәдина Дәулетқызы, тілші:
- Дәл қазір күллі отандық вайнерлер кинотеатрға жиналуда. Қанша дегенімен интернет жұлдыздары үшін тарихи сәт! Нұрлан Батыров 1,5 сағаттық вайнын ел назарына ұсынбақ. Олай болса, бас кейіпкермен тілдесіп көрейік.
Нұрлан Батыров, режиссер:
- Барлығы менің фильмімді 1,5 сағаттық вайн деп әжуалай берсін. Себебі, расымен де, біз лентада вайн атмосферасын сақтауға тырыстық. Яғни ол бірнеше вайн сынды блоктардан құралған.
Нұрлан Батыров, режиссер:
- Бұдан кейін мен қорқынышты фильм түсіргім келеді. Бірінші картинаммен салыстырғанда, мың есе үрейлі болады. Бәрі алда.
Шәріп Серік, актер:
– Нұрлан Батыров айтты жаңа, тағы бір қорқынышты фильм түсіремін деп. Сізді шақырды ма фильмге? – Жоқ, жоқ ондай шақырған жоқ. – Неліктен? – Ну түсіргісі келмейтін шығар мені. – Ал, енді, бүгінгі картинаға келетін болсақ, сіз қандай рөлдесіз? – Мен енді реалист* Шыны керек, бастапқы кезде біз осы Безумная женщинамен бірге вайн түсірген кезде, мен өзім де сондай болдым. Қайдан не үшін. Нұрлан қойшы, ол дұрыс емес қой деп.
Дәл осылай кішігірім вайннан басталған кинокартинада Безумная женщинаға, яғни өз-өзіне ғашық болған Нұрланның хикаясы баяндалады. Лентада Айжан Байзақова Батыровтың экс-ғашығы кейпінде. Алайда, атышулы арудың кесірінен, фильм көрерменге жол тартпай қалуы да мүмкін еді.
Алмагүл Тілеухан, продюсер:
- Түсірілім кезінде Байзакова Италияға кету керек болған, ал сол қайтып келетін күнге келе алмады. Өйткені, Италияның аэропортында забастовка болып, 2-3 күн самолет уақытында ұшып келмеді. – Бүгінгі кеште ол кісі көрінбейді. Неліктен? –Кішкентай бөпесі бар, мүмкіндігім болса келемін деген.
Есесіне, продюсердың пікірінше, тұңғыш рет вайнерлермен ортақ алаңнан табылған Гүлназ Жоланова - ең жауапты актриса.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Гүлназ, енді 1,5 сағаттық вайнға түсу қалай екен? – Енді, бұл ұсыныс Нұрланның өзінен келіп түскен болатын. Нұрлан досым болғандықтан, аз-маз түсуге өз рұқсатымды бердім.
Аталмыш картина Безумная женщинаның халықпен қоштасуы. Фильмнен соң, Батыров бұдан-былай күлкілі әйел туралы түсіруді тоқтатпақ.