Ержан Максим ресейлік жұлдыздардың қолдауына ие болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кішкентай отандасымыз Ержан Максим, ресейлік «Голос Дети» шоуында екінші орынды иеленді. Алайда Ержанның жеңімпаз болмағаны көпшіліктің наразылығын тудырды. Тіпті ресейлік жұлдыздардың өзі өнерпазға қолдау көрсеткен еді.

Ақтық мәреге дейін сүрінбей жеткен Ержан көрермен тарапынан 27 пайыз дауыс жинаған. Ал 56 проценттен жоғары алған 10 жастағы Микелла Абрамова жеңімпаз атанды. Әнші Алсудың қызы бірінші орынды иеленгені көпшілік көңілінен шыға қоймаған.

Отандасымыздың талантына тәнті болған ресейлік жұлдыздар, әлеуметтік желіде біраз наразылығын көрсетті. Олардың айтуынша, дауыс беру әділетсіз өткен.

Кішкентайынан ән айтып өскен Ержан Максим «Голос.Дети» шоуы арқылы өзінің талантын дәлелдей алғанына сенімді. Жас өнерпаз, алғаш сахнаға шыққан сәтте біраз қобалжыған.

Ержан Максим, әнші:

- Мен сахнаға шыққан кезде, кішкене қору басталады. Бірақ сахнаға шыққаннан кейін өзіңді жапан далаға тұрғандай сезінесің да, жалғыз өзің рахаттансың, өлең айтып. Адамдар қол соғады, шабыт береді. Солай өлең айтып шығамын.

«Голос.Дети» жобасының алтыншы маусымы аяқталса да, дауыс нәтижесі қайта қаралмақ. Ал талантты қатысушыларды Алла Пугачева өзінің арнайы «алтын жұлдызымен» марапаттады. Сондай-ақ Ержан, Муз-ТВ премиясына шақыру алып отыр.