Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депп шаңырақ көтермек! Актер 20 жасар арумен көңіл жарастырып жүрсе керек. Голливуд жұлдызының жүрегін ресейлік биші қыз жаулап алған көрінеді. Танымал киномайталманның болашақ жары кім?

Джонни Депптің сүйіктісі Полина Глен есімді бикеш. Өзінен 25 жас кіші ару кәсіби хореграф екен. Лос-Анджелес қаласында тұратын ресейлік биші танымал актермен біраз уақыттан бері көңіл қосыпты. Депптің өзі 3 жылдан бері экс-жұбайы Эмбер Хердпен соттасып келеді. Актерді, өзін ұрып соқты деп айыптаған бұрынғы әйелі, әлі күнге дейін арызын қайтарар емес.

Кристен Стюарт кезекті картинасының тұсауын кесті. Актриса әріптесі Лора Дернмен бірге «Джей Ти Лерой» фильмінде басты рөлді сомдаған еді. Шынайы оқиғаға негізделген лента, жазушының хикаясынан сыр шертеді.

Кристен Стюарт, актриса:

- Мені бұл фильмде қызықтырғаны, кейіпкердің өмірі. Мен оны сомдап қана қоймай, сезінуге тырыстым. Бастысы, ересек адам қандай болу керек деген ой түйдім. Фильмді көрген жан түсінеді деп ойлаймын.

Анджелина Джоли балаларына мұра қалдырудан бас тартты. 6 бірдей бүлдіршіні бар актриса дүние мүлкін бөлісуге құлықсыз. Таяуда ғана экс-жұбайы Брэд Питтпен ресми түрде ажырасқан жұлдыз, жиған-тергенін тек үлкен ұлы Мэддокс Шиванға табыстамақ. Бүгінде 116 млн АҚШ доллардай байлыққа ие Джолиді, күйеуімен қарым-қатынасын үзгенде тек осы Мэддокс қана қолдаған екен.