Өзінің стилі мен сұлулығымен талай жанды тәнті еткен нәзік жандылар кімдер? Әйгілі «People» басылымы 2019 жылдың ең әдемі аруын атады. Мұндай құрметке актриса - Дженнифер Гарнер лайық деп танылған.
47 жасқа келген Дженнифер Гарнер талантты актриса, бизнесвумен және аяулы ана. Шығармашылық пен отбасын қатар алып жүрген бикеш бүгінде 3 бірдей бала тәрбиелеп отыр.
«Тыңшы» телехикаясымен танылған Дженнифердің қоржынында 50-ден астам кинотуынды бар. Ал «Жыл әйелі» атанған актриса қуанышты жаңалықты күтпеген екен.
Дженнифер Гарнер, актриса:
- Қатты таңғалдым. Мен өзімді ешқашан сұлумен деп есептеген емеспін. Мен үшін бұл маңызды болмаған. Алайда өзімді әрдайым керемет сезінемін.
«People» журналы «ең сұлу әйел» қатарын да таныстырған еді. Әйгілі басылым Дженифер Лопеске де осындай құрмет білдірді. Танымал әнші, әрі актриса бұл тізімде екінші.
Голливудтың нәзік жандылары сұлулығымен ғана емес, өнер саласына алып келген ерен еңбегі үшін де бағаланып отыр.
2019-дың жарық жұлдызына айналған Бри Ларсон нәзік жандылардың құқығын қорғау мәселесімен көзге түскен еді. Оны бикеш «Капитан Марвел» фильмі арқылы да көрсеткендей.
Сондай-ақ, Дженнифер Энистон мен Приянка Чопра сұлулар қатарын толықтырды. Ең жасы - әнші Камила Кабельо болып отыр.