«Кіндік әке» картинасының кейіпкері Карлеоне болса, туған күнін тойлауда! Аты аңызға айналған актер Аль Пачино жетпіс тоғызға толды! Айтулы күнге орай, өнерпаздың ең жарқын образдарын еске алып көрдік.
«Кіндік әке» мен Аль Пачино бүгінде егіз ұғымға айналғандай. 1996 жылы таспаланған туынды, актердың шеберлігінің арқасында кинотарихтағы ең сәтті фильм атанып отыр. «Оскар»-дың үш жүлдесі мен фильмдегі қанатты сөздердің халық арасында таралуы соның бір дәлелі.
Аль Пачино есімін ел арасында қарақшы ретінде танытқан тағы бір туынды - «Бетінде тыртығы бар бейне» картинасы. 1983 жылы таспаланған фильмнің бас кейіпкері Тони Монтана әлі де халық есінде.
«Карлито жолы» картинасының көрермен қауым үшін орны мүлде бөлек. Себебі, есірткі мафиясының басышысы атанған Карлитоның бастан өткергенін көрермен таласа тамашалады. Лента, 1993 жылы таспаланған болатын.
Тэйлор Хэквордтың «Ібілістің қорғаушысы» мистикалық драмасының да Аль Пачино үшін алар орны зор. Актердың адвокат образындағы картинасы кезінде «Ең үздік үрейлі туынды» ретінде «Сатурн» жүлдесін еншілеген болатын.
«Әйелімнің иесі» - Аль Пачиноға «Оскар» марапатын сыйлады. Джованни Арпино романының желісімен таспаланған фильм, 1992 жылы көрерменге жол тартқан еді. Алайда, талай уақыт өтсе де, актердың шеберлігінің арқасында, лента көрерменнің сүйіктісі болып қала бермек.