Kazakhstan Fashion Week өз шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда Kazakhstan Fashion Week басталды! Шараның алғашқы күні Баян Алагөзова мен Роза Рымбаева сән апталығының алдыңғы қатарынан табылса, кей әртістер сахнаға бірақ шықты. Қысқасы, тосын сыйға толы кештің қызықтарымен тілшіміз Мадина Дәулетқызы бөліссін.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Еліміздің ең сәнді арулары Алматыдағы Республика Сарайына жиналуда. Kazakhstan Fashion Week 26-шы рет өз шымылдығын түрмек. Дизайнерлер қалай таңқалдырар екен? Оны дәл қазір бірге білетін боламыз.

Алғаш болып туындысын ұсынған Аида Кәуменова опера орындаушысы Зарина Алтынбаеваға ән шырқатып, көрсетілімін өзгелерден ерекшелеп қалуға тырысты. Үлгілерде дизайнердің ұлттық нақыштан барынша бас тартқаны байқалды.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Аида, бұл колекцияларының бұрынғыларға мүлде ұқсамайтын сияқты. Мақпал мата жоқ. Қанатшаларды байқадым.

Аида Кауменова, дизайнер:

– Ол деген кішкене элемент шоу дейміз ғо, тек қана бір түрде жүрмей, топтамаларымыз әр сезон басқаша болуы керек. Өйткені, біз оған тырысамыз.

Алайда, тренд қууға келгенде Жарқын Баймаханов оза шапты. Сахнаға «бодипозитив» сәнбикелерді шығарып, әлемдік ағымды қолдайтын алғашқы қазақстандық дизайнер атанды. Ерек модельдер арасында жұлдыздар да бар.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Жанар ханым, бүгін енді сізді сахнадан көрдік. Бұған дейін сіз, «Аруназдың» көрсетілімінде төбе көрсекен болатынсыз. Сонда, мен қатты қобалжыдым дегенсіз. Енді бұл жолы қалай болды?

Жанар Айжанова, әнші:

– Бұл жолы қобалжыған жоқпын. Мен Жарқынменен неше жылдан бері өзіміздің проектімізде жұмыс істеп келе жатырмын. Менің киім жағынан стилистім, сосын осы жолы арнайы қолқа салған, Жанар апай мен арнайы сізге көйлек тігем деп.

Айтулы кеште талғамға сай, ерек үлгілерімен таңқалта алған грузиндік шебер Тико Неберидзе мен қазақстандық дизайнер Динара Сәтжан каллобарациясы болды.

Мұндай тандем кеш қонағы Баян Алагөзоваға шабыт сыйласа керек. Продюсер де, болашақта каллобрация ұсынуға қарсы еместігін айтып қалды.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Әр адам өз ісімен айналысқан дұрыс. Алайда, болашақта егер өте талантты дизйнер жолықтырып жатсам, каллобарация жасап қалуым әбден мүмкін.

Баяннан өзге, Kazakhstan Fashion Week-тің қадірлі қонақтарының арасында өнер өкілдері көп болды. Мәселен, Роза Рымбаева мен Жамиля Серкебаева алдыңғы қатарда отырып, жаңа үлгілерді бірге талқылады.

Жамиля Серкебаева, скрипкашы:

- Отандық дизайнерлердің киімдерде ұлттық нақышты қолданғаны ұнайды. Әдетте ондай киімдерді сахнаға киемін. Сондықтан, көрсетілімдерді қалт жібермеуге тырысамын.