Мақпал Жүнісова өзіне тәртіпсіз қылық танытқан танымалдарды сабасына түсірді. Халық әртісінің қытығына тигендер – шоу-бизнестің бетке ұстар өкілдері. Ал, әншінің ашуын тудырған жайт, жұлдызды кештердің бірінде болған.
Әдетте әртістер қауымы көк жәшік пен сахнада салиқалы әрі сабырлы көрінетін еді. Бұл жолы олардың шынайы бет-бейнесі айқындалды. Думанды бас қосуға жиналған жұлдыздар ақ тілегін ақтаруға шығып, алғы сөзді Мақпал Жүнісоваға табыстағанымен, абайсызда сөз естіп қалды.
Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:
- Әй, не болды дабырлап? Слушайте! Вы слушайте или идите сядьте на свое места. Вот без культуры показвает люди культуры. Понимаете? Мәдениетсіздіктің белгісі осыдан білінеді. Бір-бірін тыңдай білмеу, бір-бірін сыйлай білмеу... Жалпы, мен де сендер сөйлеген кезде тарқылдап айхайлаймын, күлемін.
Мақпал ханымның ашуы шәй орамал кепкенше. Тіпті, халық әртісінің туған күн иесіне деген тартуды табыстау тәсілі де ерекше.
Бұл қазақ өнеріндегі майталмандардың Алтынбек Рахметовтың 50 жасына жиналған сәті еді. Бір өкініштісі, Жүнісованың жұлдыздарға айтқан жоғарыдағы ескертпесі нәтижесіз қалған секілді. Олар енді Баянды ашуландырған.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Ешқандай бір тәрбиелерің жоқ жастар, Азамат, Иманбаева. Кішкене бір тәрбие болу керек қой. Шалдар сөйлеп жатыр мына жерде. Үлкен кісілер сөйлеп жатыр мына жерде. Мақпал апай айтты ғой тәрбиелерің жоқ деп. Рахмет!
Ана тілінде жылы лебізін жаудырған Алагөзоваға, әріпестері дән риза.
Қайрат Әділгерей:
- Байқап жүрміз Баян Мақсатқызы тек қана қазақша тілек айтып, күшті болып жүр. Дым қысылмаңыз. Қарқұсоваға қарағанда сізде қазақша өте керемет. Қазақ тілінен сабақ беруіңізге болады.
Бұл кеште тағы бір Халық әртісінің қатал мінезіне куә болды көпшілік. Шырқауы тиіс әнді қоспаған әрлеуші жігіт музыкамен, Нағима Есқалиеваны ашуландырып алған секілді.
Нағима Есқалиева, ҚР Халық әртісі:
- Жоқ, ол емес. Ол емес айналайын. Стоп, стоп, стоп! Тууф!!!
Жұлдызды патиде ән де, би де болды. Ең бастысы барлығы туған күн иесінің жанұясымен бақытты болуын қалайды.