Эмине́м де дизайнерлік қырынан танылуда. Атақты рэпер алғашқы альбомының құрметіне арнап, киім топтамаларын ұсынды. Музыканттың су жаңа коллекциясы хитке айналған тректердің сөзімен әрленбек.
Эминемнің дебьюттық альбомына 20 жыл. Атышулы рэпер 1999-да жарық көрген «The Slim Shady LP» әнжинағының арқасында атын әлемге таныта алған еді. Енді өнер иесі, дәл осы еңбегін киімдерден көрсетпек. Нақтырақ айтсақ, жеңіл кеудешелер мен спорттық үлгідегі топтамаларда, үнтаспаға кірген әрбір тректің атауы мен сөздері бейнеленген. Ал коллекция, 26-шы сәуірден бастап сатылымда.