Нұрлан Әлімжан жеке өмірін сынға алғандарды сабырға шақырып әлек. Соңғы кездері желіде жағымсыз жазба қалдыратын жұрт, актердың жүйкесіне жиі тиетін көрінеді. Қазіргі таңда хэйтерлердің құйтырқы қылықтарына қалай төтеп беріп жүр?
Әлімжан әлеуметтік желіде өте белсенді өнерпаздардың бірі. Ол аталмыш аккаунтта шығармашылық жаңалықтарымен бөліседі, өмірдегі естеліктерін де жиі жүктейді. Бірақ, Нұрлан кейбір оқырмандарына жақпай-ақ қойды.
Нұрлан Әлімжан, әнші, актер:
- Он күнәнің тоғызы тілден дейді ғой. Тіл бар екен деп, оңды-солды шаша беруге болмайды! Оның да кейін жауап беретін тұстары болады. Сын, пікірлерді әркім өзінің өресіне қарай сынайды. Өнеріңді болмасын, сенің отбасылық жағдайыңды болмасын, сенің жүріс-тұрысыңды болмасын. Мен соны түсіндім.
Әншінің әр қадамын жіті қадағалайтындар, оның жеке өмірін жиі талқыға салатын көрінеді.
Нұрлан Әлімжан, әнші, актер:
- Бүгін айтады, ертең қалады. Өмір... Кімнің басында не жағдай болмайды? Сондықтан да мұның бәрі өмір. Тағдыр деген нәрсе бар!
Қарақатттың да хэйтерлері көп! Желідегі жанжалдардың оты әншінің қайырымдылық концертінің қарсаңында тұтанған. Әбілдина тыңдармандарын инстагам арқылы игі-шараға шақырып, соңында өнер иесінің өзі сөз естіген.
Қарақат Әбілдина, әнші:
- Біз ұйымдастырып отырған қайырымды іс-шараға сіз де үлесіңізді қоса аласыз десем, Қарақаттың түрі не болып кеткен, ерніне бір нәрсе істетіп алған. Пластикалық операция жасаған дейді ме... Иә, мен аузыма брекет салдым. Адам брекетті сән үшін салмайды. Ол менің денімнің саулығы. Мен неге одан қысылуым керек? Мен неге ақталуым керек?
Есесіне Қарақаттың қатты айтқан посты, халыққа ой салған секілді.
Қарақат Әбілдина, әнші:
- Сол жазбадан кейін билеттің сатылымы бірден көтерілген екен. Демек, біздің халыққа сәл қаттырақ айту керек пе деп қалдым!
Әнші Әбілдина дәл осы қайырымдылық концерттен түскен қаржыны асыраушысынан айрылған алты баланың анасына толықтай табыстаған.