Бағымды жаққан Баян! Әбунәсір Серіков Алагөзованың арқасында жұлдыз атанғанын айтты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Икс адамдар» актерларының танымалдылығы, премьерадан кейін еселене түспесе, кеми түспесі анық. Мәселен, бүгінгінің киножұлдызы - Әбунәсір Серіков бір ғана рөлінің арқасында, әйгіленіп кеткенін жасырмайды. Бағымды жаққан – Баян Алагөзова дейді актер.

Бүгінде отандық картиналар Әбунәсірсіз таспаланбайды десек артық болмас. Актерға рөл сай келсе, киногерлер өнерпазды өз фильміне тартуға асық. Тіпті, бас кейіпкер - Серіковке сай қылып, «Семьянин» лентасының сценариі де жазылған еді.

Алайда, «Тамаша» театрының тарланы бұл жұлдызды сәтті өте ұзақ күтті. Талантына қарамастан, тек елуді еңсерген сәтінде актердың киносаласында жолы болды. Осылайша ол, өз рөлін ширек ғасыр күткен.

Әбунәсір Серіков, актер:

- Алладан тілегеніміз осы киноактері болуы еді. Себебі, біз бітірген кезде не Совет үкіметі не Қазақстан емес, екі ортада кинолардың бәрі жабылды ғой. 00:01:50 Кішкентай эпизодтық рөлдер болған, союз кезінде. Ал, негізінде «Осторожно коровадан» басталдығой кино.

Әбунәсірдің бағын жаққан - Баян! Алагөзованың тырнақалды туындысынан кейін, актерға толассыз түскен ұсыныстар толастамақ емес. Сан-қырлы кейіпкердің образын салып жүрген ол, енді қай жанр болса да, алып шыға алатынына сенімді.

Әбунәсір Серіков, актер:

- Режиссерларға байланысты, мені қай жағынан көрсе, сол рөлге шақырса сол рөлде ойнаймын. Драма болсын, ол әзіл болсын, ол боевик болсын.

Серіков түрлі образдарымен қоса, әріптестері арасында сұхбат беріп жатқан адамға кедергі келтіретін адам ретінде жақсы таныс.

Актер, бұл оғаш қылығына да қатысты жауап берді.

Әбунәсір Серіков, актер:

- Ол өзімді көрсету үшін емес, проста қай жерде болса да, адамдардың көңілі көтеріліп жүргені жақсы ғой. Мысалы ол сізге де жақсы, ол көрерменге жақсы. Біз енді өнер адамы болғаннан кейін халықтың көңілінен шықсақ деп.

Қысқасы, актер шығармашылығын шыңдап қана қоймай, осындай ақылға қонбайтын әрекеттерді де істеуге әзір. Барлығы – халықтың көтеріңкі көңілі үшін дейді ол!