Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдызы Дакота Джонсон да, жақын арада ошақ қасында отырмақ. Актриса өзінің сүйіктісі Крис Мартинмен бірге үйлену тойына дайындалуда. «Coldplay» тобының музыканты мен танымал бикеш шаңырақ көтеру рәсімін қашан жоспарлап отыр?

Дакота Джонсон мен Крис Мартиннің көңіл қосқанына тура бір жылдан асты. Талантты актриса мен «Coldplay» тобының мүшесі қарым-қатынасын ресми түрде мәлімдемесе де, папарации көзіне жиі ілінуде. Құпия түрде сөз байласып қойған қос ғашық, үйлену тойларын да жасырын өткізбек. Инсайдерлердің айтуынша, неке қию рәсімі күзде өтеді.

Тейлор Свифт болса, жанкүйерін соттады. Әнші, бірнеше жыл бойы өзіне маза бермеген Роджер Альварадо есімді фанатының атына шағым түсірген еді. Тіпті Тейлордың үйіне баса көктеп кірген ол, лайықты жазасын алса керек. Свифттың ессіз табынушысы, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дженнифер Лопес АҚШ-тың ең стильді жұлдызы атанбақ. Өнер иесі «Fashion Icon» кеңесінің шешімімен 3-ші маусым күні өтетін «CFDA Awards» марапатында жүлделі болады деп күтілуде. Өзінің сахналық образымен талай дизайнерді тәнті еткен әнші, киім үлгілерін талғап таңдайды екен. Джей Лоның батыл көйлектерді киуі соған дәлел.