Салтанат Бақаева болса, бұл жолы тыңдармандарын ғана емес, киносүйер қауымды да қуантты. Әнші қыз қырғыздың «Расплата» картинасында басты рөлді сомдаған еді. Толықметрлі кинотуындыға алғаш қадам басқан Бақаеваның жоспары қандай? Ал «Арнау» дуэтінің жұмысы не болмақ?
Дәл осы қырғызстандық режиссер Айбек Дайырбековтың фильмінде Салтанат бас кейіпкер. Мюзикл жанрында таспаланған туындыда бой көрсету үшін, Бақаева өзге актрисалармен қатар бақ сынаған.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
- Мені кастинг арқылы шақырды. Айбек өзі шақырып, соған бардым Қырғызстанға. Бішкек қаласында кастинг өтті кәдімгідей. Сол кастингтен мен өтіп кеттім, жолым болып. Менің өмірімдегі алғашқы үлкен метр дейді ғой полная картина.
Осылайша үлкен экранда дебьют алған Салтанат, бұрын тек телехикаяда ойнаған еді. Актерлықты да, әншілікті де қатар алып жүрген Бақаева аяулы ана екенін де ұмыт қалдырмайды. Өнерлі ару, түрлі саланы тоғыстыруым жақындарымның қолдауы деп отыр.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
- Оңай емес әрине, бірақ бұның бәрі тек қана жақындарымның қолдауымен ғана. Өйткені бәрін үлгеру әрине мүмкін емес. Бірақ сенің жақындарың қолдағанда, ол да мүмкін екен. Өйткені кейбір үлгермей жатқан сәттеріңді олар демеп жібереді.
Шоу-бизнеске «Арнау» дуэті арқылы қадам басқан Салтанат, соңғы кездері жеке шығармашылығын шыңдауда. Әнші қыз бағын ашқан ұжымға, қашанда қызмет етуге дайын.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
- Арнаудың жұмыстары болып тұрса міндетті түрде оған да уақыт бөлеміз. Бірақ қазір енді Нұржан да менде, жеке шығармашылығымызға кішкене көбірек көңіл бөліп жатырмыз.*Ақырындап жұмыс жүріп жатыр Арнауды жоқ деп айта алмаймын.
Салтанаттың бүгінгі жоспары, кино әлемінде өзін мойындату. Әнші ол үшін тыңбай еңбектенуге әзір.