Сән саласында да, ән саласында да мықты екенін баяғыда-ақ, дәлелдеп қойған Мадонна болса, бұрынғы танымалдылығын кері қайтаруға ниетті. Өнерпаз, өзінің су жаңа жинағы қандай тректерден құралатынын жариялады. Ең қызығы, альбомда поп-патшайымының жастармен дуэттері жетерлік!
Соңғы уақытта жанкүйерлерін шығармашылығымен қуантуды сиреткен Мадонна, 2018 жылы жаңа жинақ жазатынын жеткізген еді. Алайда, араға айтарлықтай уақыт салып қана, поп-патшайымы туындысын ұсынбақ. Өнер иесінің «Madame X» альбомы 15 тректен тұратыны белгілі болды.
Ең қызығы, жаңа жинақта Мадоннаның Maluma, Swae Lee, Quavo сынды жас әншілермен дуэттерін көптеп байқауға болады. Соған қарағанда, майталман музыкант жаңа толқын буынының арқасында танымалдылығын қайтаруға ниеттенгендей.
Еске салсақ, «Madame X» поп-патшайымының 14-ші студиялық туындысы. Тыңдармандарына тизер тарту еткен әншінің мәлімдеуінше, видеоның бас кейіпкері құпия «агент», яғни әлемді шарлап, бостандық үшін күрескен Мадоннаның өзі екен.