Мәдина Сәдуақасованың желідегі суреттері жолдасына неге жақпай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері Сәдуақасова тығырыққа жиі тіреліп жүр. Мәдина бұдан былай инстаға суреттерді таңдап, талғап салады. Өйткені, өнер иесінің жолдасы талапты тым күшейткен көрінеді. Бар мәселе - отағасы Олжастың әлеуметтік желіге тіркелуінде...

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Инстаграм дегенде мүлдем жоқ болатын. Қазір жазылыпты. Тек қана менің суреттерімді емес, пікірлердің барлығын оқып шығады екен.

Дәл осы іспеттес суреттерге жазылған пікірлерді жолдасының қалт жібермей оқуы орынды. Ашық образға көпшіліктің назары ауады және қызу талқыға түсетіні тағы бар. Ал, мұндай жағдайда Мәдинаның музыка әлеміндегі құрбылары қайтеді?

Жазира Байырбекова, әнші:

- Менің күйеуім салған пост ұнамаса ол талап та қоймайды, ештеңе қоймайды. Телефонды алады да, алып тастай салады. Болды, сонымен жұмыс бітеді.

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

- Мен жолдасым жағынан қарсылық тудыратын сурет салмаймын біріншіден. Сондықтан да ол кісі маған сенеді. Менің ол кісінің абыройын ойлаймын. Ол кісіні мен жолдасым ретінде бағалаймын. Артық әңгіменің маған да қажеті жоқ!

Маржан Арапбаева, әнші:

- Тым ерсі болып тұрған суреттер болса, жұбайым маған «жоқ» қоймай-ақ қой дейді. Жарайды деп мен тыңдаймын. Мен міндетті түрде ол кісімен ақылдасамын.

Иә, қазір Мәдина да әр шешімді шығарар алдында отағасымен ақылдасатын болған. Өйткені, Сәдуақасова үшін сәннен гөрі, отбасының бақыты маңыздырақ!

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Қазір ақылдасатын болдым. Иә, жасырмайтын! Бірақ кейде түсінбеймін. Мынаны да салма, ананы да салма, мына жерің кішкене ашықтау, мынау болмайды, қасыңда ер адамдар көп болып кетті деп, ол кісі көп мін іздеп кетті. Кейді «тууф» деп кеткім келеді. Енді не істесем екен деп.