Динара Сұлтан, жылдар бойы жасырған жұбайын жұртқа таныстырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Құпияның құлпы ашылар сәт қыр астында. Бұл Динара Сұлтаның сөзі. Осы уақытқа дейін отбасын оңашада ұстайтын әнші, бұдан былай отағасы мен ұл-қыздарын халық назарынан тыс қалдырмақ емес. Бикештің бұл шешіміне су жаңа клипінің сюжеті себеп болса керек...

Әр әніне талғап, таңдап бейнебаян таспалайтын Динара, дәл қазір кезекті клипінің түсірілім жұмысына кіріскен. Сұлтанның репертуарын толықтырған су жаңа трек «Сый» деп аталады.

Динара Сұлтан, әнші:

- Негізі сый әртүрлі, иә! Өмірдің өзі сый берілген. Жаңағы жан жарың, бала-шағаң, бүкіл сенің қасыңда қоршаған ортаң бәрі сый жеп ойлаймын. Соны бір кішігірім бейнебаянда көрсеткіміз келіп тұр.

Сұлтан бұл бейнебаянда жылдар бойы жасырған барлық сырды ақтармақшы. Әншінің отбасылық клипінде отағасы да, бес баласы да бой көрсетеді. Өйткені жұлдызды ана үшін өмірдің басты сыйы – жанұясы!

Динара Сұлтан, әнші:

- Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым!

Жаңа видеода әнші Динарадан гөрі, керісінше көп балалы ананың күнделікті өмірдегі образы насихаталады. Осы уақытқа дейін Сұлтанды тек сахна мен көк жәшіктен көбірек көретін көпшілік, бұл жолы бикештің ас үйдегі болмысына куә болады.

Динара Сұлтан, әнші:

- Негізі мені әртүрлі қылып көрсеткіміз келеді. Динара Сұлтан отбасында қандай, сахнада қандай, жеке өмірде қандай екенін. Өмірде мен дәл қазір жаным ашып, қобалжып тұрмын. Өйткені үйде бала шағам бар. Соларға алаңдаймын үнемі. Енді ана болғандықтан, үнемі алаңдаумен жүреміз. Соны режиссер өзі көрсеткісі келді.

Жұлдызды жанұяның бақытты өмірін суреттейтін бейнебаян жуық арада жарыққа шығады!