Сұлтанның су жаңа туындысының сюжеті, кейін көшірме клиптердің тізіміне енбесе болғаны. Өйткені, таяуда ғана тұсауы кесілген Арман мен Ашаның видеосы шет елдік бейнебаянға ұқсап кеткен көрінеді. Жұлдызды жұптың жиендік жасағаны рас па?
«Ау, жаным» бейнебаяны жарыққа шыққалы, Арман мен Аша елдің аузында. Алғашқыда хайп қуды, енді айыпталды. Ашығын айтайық, олардың су жаңа видеосы «көшірме» деген күдікке ілінді. Тіпті, шет елдік клиптің сілтемесін жіберген оқырмандар, қос туындының сюжетіндегі ұқсастықты аңғарған.
Отандық жұптың бейнебаяны Қазақстанда таспаланған. Ал, клиптіңң режиссеры әрі сценарийін жазған шет елде оқыған қазақ баласы болып шықты.
Арман & Аша:
- Кореяға мүлдем қатысы жоқ, ол Америкада оқып келген бала. Ол корейлік клиптерді, әндерді білмейді.
Бір қызығы, тайваньдық нұсқада да жігіт пен қыз қосыла шырқайды. Шет елдік клипте рэп партияны жігіт орындаса, қазақстандық дуэтте Ашаға бұйырыпты.
Арман & Аша:
- Әрдайым ізденеміз. Бір күні Аша рэп оқиды, бір күні мен рэп оқимын. Бір күні екеумізде рэп оқып, мелодия болмайтын шығар. Жай ғана рэп болатын шығар. Ол да қызық нәрсе!
Ғаламтор тұтынушыларының байқағаны, екі клиптің локациясы ұқсас және стилистикасы да жақын деседі.
Арман & Аша:
- Стилистика жағына келетін болсақ, бәріміз бір-бірімізден үйренеміз ғой. Музыка жағына келгенде шет елден алатын нәрсе көп. Өйткені ол жерде музыка дамып кеткен бізге қарағанда. Бірақ өзіміздің де қостаны нәрсеміз бар біздің. Сол үшін мен оған жақсы қараймын. Біз ұмтылу керекпіз.
Арман мен Аша «Ау, жаным» атты туындының 100 пайыз плагиат емес екеніне сенімді. Өзге ел өнерпаздарының еңбегіне жиендік жасау, жұлдызды жұптың ойында да жоқ!
Арман & Аша:
- Біреудің жұмысы қандай еңбек екенін білеміз. Әр әннің артында қандай еңбек жатқанын. Жай ғана еңбектенбей, соны көшіріп жазу меніңше дұрыс емес сияқты.