Таяуда ғана қалыңдық атанған Кэтти Перри жүкті деседі. Күні кеше «DVF Awards» марапатының қадірлі қонағы болған әнші, киіп келген образымен көпшіліктің күдігін тудырған көрінеді.
Айтулы марапатта Кэтти «Inspiration Award» жүлдесін иеленді. Аталмыш сый ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі атанып, қайырылымдылықпен көзге түскені үшін тарту етілген. Алайда, сүйіктісі Орландо Блуммен сөз байласқан арудың марапаты емес, көзге түскен кішкентай іші сөз болған еді.
Кэти Перри, әнші:
-Шынымды айтсам менің өзгелерге жанашырлығым, анамның арқасы. Ол кісі отбасы үшін барын берген жан. Мені қайырымды болуға тәрбиелеген де сол.